Денсаулық және қауіпсіздік (COVID-19)

Денсаулық және қауіпсіздік (COVID-19)

Covid-19.  Іс-шаралар

Көліктегі  Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 22.08.2022ж. № 4 қаулысымен 2022 жылдың 07 шілдесінен бастап Алматыда халық көп жиналатын жабық үй-жайларда бетперде тағу ұсынылды. Осыған байланысты, Сіздердің денсаулығыңызды сақтау және COVID-19 таралуына жол бермеу мақсатында Алматы қаласы әуежайының терминалындағы жолаушылардан терминал ғимаратында және жолаушылар көп жиналатын басқа жерлерде бетперде тағып, қажетті қашықтықты сақтауды сұраймыз. Сондай-ақ, Сіздерге ыңғайлы болу үшін адамдар көп жиналатын жерлерде санитайзерлер орналастырылған. Қоғамдық орындарда жауапкершілікті сақтауды және жұқтыруды болдырмау үшін қауіпсіздік қағидаларын сақтауды сұраймыз. 
ҚР-да коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның өкіміне сәйкес қаланың медициналық ұйымдарында вакцинация пункттері ашылғанын хабарлаймыз. Әуежайдан ең жақын вакцинация пункті № 32 қалалық емханада орналасқан.