Денсаулық және қауіпсіздік (COVID-19)
Covid-19. Талаптары
Естеріңізге сала кетейік, карантиннің жеңілдетілуіне қарамастан, Алматы әуежайында қауіпсіздік талаптары бұрынғысынша сақталуда: терминалда тек маскада болуға болады, міндетті түрде 1,5 метр қашықтықты сақтау керек, сізге ыңғайлы болу үшін терминалда еденге және орындықтарға арнайы таңба салынған, сондай-ақ санитайзерлер орналастырылған.
Сонымен қатар, терминалдың барлық кіре берістерінде қашықтықтық тепловизорлар орнатылған.
COVID-19 жұғуын болдырмау үшін қоғамдық орындарда жауапты болуыңызды және қауіпсіздік ережелерін сақтауыңызды сұраймыз
ҚР-да коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның өкіміне сәйкес халықаралық Алматы әуежайында №32 қалалық емханамен бірлесіп вакцинация пункті ашылғанын хабарлаймыз.
Сіз QazVac немесе VeroSell вакцинасын терминалдың бірінші қабатында орналасқан медициналық пунктте еге аласыз.