Құрметті Алматы халықаралық әуежайының жолаушылары мен қонақтары! 2025 жылғы 23 мамырдан бастап, ішкі рейстерге арналған Т1 терминалы алдындағы тұрақ алаңдарын жаңарту және асфальт жамылғысын ауыстыру жұмыстары басталады. Жұмыстар туристік полиция ғимараты мен пандусқа кіреберіс арасындағы тұрақ орындарын, сондай-ақ негізгі кіреберістен пандусқа дейінгі жолды қамтиды.
Жұмыстар кезең-кезеңмен жүргізіледі, және жөндеу жұмыстары барысында тұрақ алаңының кейбір бөліктері жабылады.
Барлық жұмыстар маусым айының соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз! Түсіністік пен сабырлық танытқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз!
Жаңа халықаралық терминал құрылысы бойынша материалдар