Алматы халықаралық әуежайы халықаралық әуе қатынасының географиясы кеңейгенін қуана хабарлайды: Азиядағы ең ірі авиахолдингтердің бірі AirAsia құрамына кіретін тай лоукостері Thai AirAsia X Бангкок (Донмыанг әуежайы, DMK) - Алматы бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін іске қосады.
Жаңа бағыттың ашылуы AirAsia бренді үшін Орта Азиядағы ең ірі әуежайдағы қызметін кеңейтудің келесі кезеңі болып табылады. AirAsia холдингінің алғашқы рейстері Алматыда 2024 жылдан бастап орындала бастады, ал Thai AirAsia X рейсінің ашылуы серіктестікті нығайтып, Қазақстан мен Таиланд арасындағы көлік қолжетімділігін арттырады.
Бангкок (DMK) - Алматы бағыты бойынша рейстер аптасына 4 рет - дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері, 363 жолаушыға арналған Airbus A330-300 әуе кемелерінде орындалады.
Thai AirAsia X Оңтүстік-Шығыс Азиядағы қолжетімді алыс бағыттарға қызмет көрсететін жетекші лоукостерлердің бірі ретінде танымал. Жаңа бағыттың ашылуы туристік, іскерлік және мәдени сапарлар үшін қосымша мүмкіндіктер жасап, екі ел арасындағы жолаушылар ағынын айтарлықтай арттырады.
Бангкоктан тікелей тұрақты рейстердің іске қосылуы Алматы халықаралық әуежайының халықаралық маршруттық желіні кеңейту және Орта Азиядағы жетекші хаб ретіндегі рөлін нығайту стратегиясына толық сәйкес келеді The launch of this new route marks another step in the development of the AirAsia brand’s presence at the largest airport in Central Asia. The first AirAsia Group flights began operating in Almaty in 2024, and the introduction of Thai AirAsia X flights further strengthens the partnership and enhances connectivity between Kazakhstan and Thailand.
Flights on the Bangkok (DMK) – Almaty route will operate four times a week – on Mondays, Wednesdays, Fridays, and Sundays – using Airbus A330-300 aircraft, each with a seating capacity of 363 passengers.
Thai AirAsia X is recognized as one of the leading low-cost carriers in Southeast Asia, providing affordable long-haul flights. The launch of this new route creates additional opportunities for tourism, business, and cultural travel, while significantly increasing passenger traffic between the two countries.
The introduction of direct regular flights from Bangkok also aligns with Almaty Airport’s strategy to expand its international route network and strengthen its position as the leading hub in the Central Asian region.


