2025 жылдың 25 қыркүйегінде Алматы халықаралық әуежайында ұшу-қону жолағындағы операциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жергілікті топтың (Local Runway Safety Team – LRST) кеңейтілген отырысы өтті. Алматы әуежайы Қазақстанда алғаш болып LRST отырысын практикалық семинар форматында өткізді. Бұл бастаманы Алматы халықаралық әуежайының Ұшу қауіпсіздігі департаментінің директоры Гузяль Серікбаева іске асырды. Шара еліміздің бірнеше әуежайының мамандарын, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі, әуекомпанияларының өкілдерін, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігі жөніндегі сарапшыларды біріктірді. Семинар Алматы халықаралық әуежайының президенті Гокер Косенің алғы сөзімен ашылды. Ол үшін ұшу қауіпсіздігі компания үшін үлкен маңызға ие екенін атап өтіп, LRST кездесулері тәжірибе алмасуға, тәуекелдерді бірлесіп талдауға және әуежайлардың сенімді әрі тиімді жұмысын қамтамасыз етуге тікелей әсер ететін шешімдер әзірлеуге бірегей мүмкіндік беретінін атап өтті. Кездесу барысында ерекше назар практикалық сценарийлерді пысықтауға және тәуекелдерді бірлесіп талдауға аударылды. Пленарлық бөліктен кейін қатысушылар бірнеше жұмыс топтарына бөлініп, нақты жағдайлар негізінде проблемалық аймақтарды анықтап, шешімдер ұсынып, тәуекелдердің ықтималдығы мен салдарының бағалады және аэродромдағы операциялар қауіпсіздігін арттыруға бағытталған практикалық шешімдер ұсынды. Қазақстандағы ең ірі авиациялық хаб болып табылатын Алматы халықаралық әуежайы ұшу-қону жолағындағы қауіпсіздік мәдениетін дамыту және саланың өзекті сын-қатерлерін талқылауға арналған жетекші кәсіби алаң ретіндегі позициясын нығайтып келеді. Өткен LRST отырысы тәжірибе алмасуды жүйелі түрде жолға қоюға, бірыңғай стандарттарды әзірлеуге және Қазақстанның бүкіл авиациялық экожүйесінің орнықтылығын арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.



