"Алматы халықаралық әуежайының Оқу академиясы ресми түрде Халықаралық әуежайлар кеңесінің (Airports Council International – ACI) аккредиттелген оқу серіктесі (Accredited Training Partner – ATP) мәртебесіне иеленді. Бұл беделді аккредитация Алматы халықаралық әуежайының ACI миссиясына – әуежайларды басқарудағы жетілдіру қағидаттарын оқыту мен кәсіби даму арқылы ілгерілетуге адалдығын көрсетеді.
Аталған аккредитация арқасында әуежайдың Оқу академиясы Қазақстан, Орталық Азия және көршілес өңірлердің авиация мамандары үшін ACI-дың ресми оқу бағдарламаларын өткізе алады. Бұл тәжірибе алмасуға, біліктілікті арттыруға және әуежайдың авиация саласындағы кәсіби құзыреттер орталығы ретіндегі рөлін нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Аккредитация алу Алматы халықаралық әуежайының адами капиталды дамыту, кәсіби даярлық сапасын арттыру және әуежайларды басқарудағы үздік халықаралық тәжірибелерді енгізуге бағытталған ұзақ мерзімді стратегиясының бір бөлігі болып табылады. Бұл қадам Алматыны Орталық Азия өңірінде авиация саласының дамуына үлес қосатын білім мен кәсіби өсу орталығы ретіндегі беделін нығайтады.
Халықаралық әуежайлар кеңесі (Airports Council International – ACI) – авиация саласындағы озық тәжірибені ілгерілету мақсатында әлем әуежайларының ортақ мүдделерін көрсететін халықаралық ұйым."



