Қоршаған ортаға және әлеуметтік ортаға әсерді бағалау

Қоршаған ортаға және әлеуметтік ортаға әсерді бағалау

Қоғамдық талқылау

Сіздерді «Горизонт» инвестициялық жобасының – Алматы халықаралық әуежайын (АХӘ) жаңғыртуға арналған кешенді бағдарламасының қоршаған ортаға және әлеуметтік салаға әсерін бағалау (ҚОӘСӘБ) бойынша қоғамдық талқылауға шақырамыз.

АХӘ жаңғырту жобасы өткізу қабілетін арттыруға, қызмет көрсету сапасын сақтауға және тұрақты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған.
ҚОӘСӘБ халықаралық стандарттарға сәйкес Mott MacDonald Ltd компаниясы және EcoSocio Analysts ЖШС қолдауымен дайындалды.

Күні мен уақыты: 2025 жыл 7 қыркүйек, сағат 11:00
Өтетін орны: Майлин көшесі, 42, Мәдениет үйі

Материалдар АХӘ веб-сайтында және EcoPortal порталында орналастырылады. Пікірлер мен ұсыныстар 2025 жылғы 6 қазанға дейін ESdepartment@tavairports.onmicrosoft.com электрондық поштасы немесе +7 708 115 05 14 телефоны арқылы қабылданады.