ACS. Борт тамағы
Алматы қаласының Халықаралық әуежайындағы кейтерингтік және сервистік қызметтерді 1997 жылы құрылып, ISO 9000 стандарттары бойынша жұмыс істеп келе жатқан "Almaty Catering Services" ЖШС жүзеге асырады.
"Almaty Catering Services" ЖШС қызметін Алматы қаласының халықаралық әуежайы арқылы ұшатын барлық авиакомпанияларға, оның ішінде Air Astana, SCAT, Asiana Airlines, Lufthansa авиакомпанияларына ұсынады.
Шетелдік авиакомпаниялар Борт тамағы цехының жұмысына жоғары баға беріп отыр. 1999-2000 жылдардағы жұмыс нәтижелері бойынша British Airways компаниясының қола және күміс грамотасымен марапатталған.
"Almaty Catering Services" ЖШС өзі ұсынатын тағам сапасы үшін авиакомпаниялар алдындағы жауапкершілігін, үшінші тараптар алдындағы жауапкершілігін, борт тамағы цехының қызметкерлері тарапынан әуе кемелеріне келтірілген зиян үшін жауапкершілігін жыл сайын еуропалық сақтандыру компаниялары арқылы сақтандырып отырады. Ол өз жұмысын Еуропалық борт тамағын өндірушілер ассоциациясының тазалық және гигиена нормаларын сақтай отырып жүзеге асырады. Ол халықаралық Алматы әуежайының күзетілетін аумағында, ұшу алаңынан 10 минуттық жерде орналасқан.
"Almaty Catering Services" борт тамағы цехындағы күрделі жөндеу жұмыстары мен оны жетілдіруді ағылшындық "PKL" компаниясы жүзеге асырды. Сонымен қатар осы жұмыстардың арқасында әлемдік стандарттарға сай қазіргі заманғы жабдықтар орнатылды. Қазіргі кезде барлық борт тамағы "ELECTROLUX" компаниясының жабдығында дайындалады.
"Almaty Catering Services" ЖШС Халықаралық Алматы әуежайына қонатын барлық авиакомпаниялармен іскерлік қарым-қатынас жасауға дайын.