Алматы халықаралық әуежайы аумағында автотұрақ орындарын көбейту мақсатында жөндеу-құрылыс жұмыстары жүргізілуіне байлайнысты автотұрақтар кезең-кезеңімен жабылады. Жолаушыларға Оңтүстік автотұрақты (кіру Ахметов көшесінен) пайдалануды ұсынамыз. Сондай-ақ әуежайға келуіңізді алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз. Аталмыш жұмыстарды 2024 жылдың қыркүйек айына дейін аяқтау көзделеді. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
Алматы қаласының Халықаралық әуежайындағы кейтерингтік және сервистік қызметтерді 1997 жылы құрылып, ISO 9000 стандарттары бойынша жұмыс істеп келе жатқан "Almaty Catering Services" ЖШС жүзеге асырады.
Alaport Café
Халықаралық және ішкі рейстердің ұшу аймақтарында әуежайдың жеке кафесі Alaport Café орналасқан, олардың мәзірінде ыстық, салқын тағамдар, жеңіл алкогольді ішімдіктер және пісірілген тоқаштардың, сэндвичтердің және басқа да жеңіл тіскебасарлардың үлкен таңдауы бар.
Avocado
Алматы әуежайының терминалы алдында жаңа кофехана - Avocado ашылды.
Q-coffeeshop
Халықаралық Алматы әуежайының терминалында екі «Q-coffeshop» кофеханасы жұмыс істейді.
Starbucks
Халықаралық және ішкі рейстердің ұшу аймақтарында әлемге әйгілі Starbucks желісінің кофеханалары орналасқан.