Такси
2025 жылдың 1 тамызынан бастап Алматы халықаралық әуежайында ресми Almaty Airport Taxi қызметі іске қосылды. Бұл – әуежайдағы трансфердің жаңа деңгейі: бірыңғай стильдегі BYD Qin Plus электромобильдері, жолаушыны терминалдан межелі жерге дейін ілесіп жеткізетін әдепті және арнайы оқытылған жүргізушілер, жүкпен көмектесу, жасырын төлемсіз бекітілген тарифтер және көліктің орта есеппен 5 минут ішінде келуі. Төлемді банк картасымен, терминал арқылы немесе QR-кодпен жасауға болады. Almaty Airport Taxi – Алматыға келген сәттен бастап жайлылықты бағалайтындар үшін заманауи, қауіпсіз және ыңғайлы шешім.