Сақтау камерасы

Сақтау камерасы

Жолаушылар терминалының бірінші қабатында екі сақтау камерасы бар, онда сіз пакетті немесе сөмкені, көлемді чемодан, габаритті емес жүк пен қораптарды қалдыра аласыз.

Сақтау камерасы қызметінің құны:

сағат: бір қол жүгі үшін 300 теңгеден чемодан мен габаритті емес багаж үшін 500 теңгеге дейін.

тәулік: бір қол жүгі үшін 800 теңгеден бастап чемодан мен габаритті емес багаж үшін 3000 теңгеге дейін.

Сақтау уақыты шектелмеген.

Сақтау камералары тәулік бойы, үзіліссіз және демалыссыз жұмыс істейді.