Валюта айырбастау

Валюта айырбастау

Халықаралық Алматы әуежайында валютаны ҚР Ұлттық Банкі белгілеген "ҚР-да қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру Ережелеріне" сәйкес жұмыс істейтін ресми айырбастау пункттерінде айырбастауға болады. Мұнда Сіз теңге, АҚШ доллары, еуро, ағылшын фунты, ресей рублі, қырғыз сомы, қытай юаны және ҚР Ұлттық Банкінің ресми валюта бағамдарында көрсетілген басқа да валюта түрлерін айырбастай аласыз. Айырбастау пункттері жолаушылар терминалының жалпы аймағында, бірінші және екінші қабаттарда орналасқан. Жұмыс уақыты – тәулік бойы, үзіліссіз.