Жиі қойылатын сұрақтар

Жиі қойылатын сұрақтар

Ана мен бала бөлмелері:

- Жергілікті ұшулар жинағышында  AlaportCafe (7,8 gate) арт жағында

- бірінші қабаттағы транзиттік аймақта;

- бірінші қабаттағы жалпы аймақта терминалға кіре берістен солға қарай орналасқан.

Жүк іздеу қызметі +7 (727) 270 31 04 - +7 (727) 270 30 93
Анықтама қызметі терминалдың екінші қабатында орналасқан. Рейстер кестесін +7 (727) 222-15-51 және *727 (ұялы телефоннан) нөмірлері бойынша немесе alaport.com сайтынан нақтылауға болады

AIR ASTANA

Алматы әуежайындағы кеңседе - терминалдың екінші қабатында, жергілікті рейстерді тіркеу залында; тәулік бойы.

SCAT

Әуежайдың екінші қабатындағы жергілікті ұшып кету залындағы кассада;

авиакомпанияның өкілдігінде - "Ақсұңқар" қонақ үйі біткен жерден кіресіз.

QAZAQ AIR

Бірінші қабатта, "Трансавиа" кассасы.

Иттер, мысықтар, құстар және басқа жануарлар тасымалдауға тек ересек жолаушылардың ілесіп жүруімен және тасымалдаушының алдын ала келісімімен қабылданады. Жолаушы барлық елдердің ветеринарлық органдары сол бағытта талап ететін сертификат пен басқа құжаттарды ұсынуы керек.

Вет.Сан.Инспекция тел.:

+7 (747) 377 03 50

+7 (727) 270 34 49

+ 7 (727) 244 44 77 Air Astana

+7 (7252) 99 88 80 SCAT

+7 (727) 356 14 14 Qazaq Air

+7 (727) 349 33 36 Turkish Airlines

+7 (727) 315 55 35 Aeroflot (Transavia)

+7 (727) 356 32 35 Asiana

ӘУЕ КЕМЕЛЕРІНДЕ ТАСЫМАЛДАУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ЗАТТАР МЕН БҰЙЫМДАРДЫҢ ТОЛЫҚ ТІЗІМІ: http://adilet.zan.kz/rus/docs/P1100000317
Ішкі рейстерде ПЦР тест қажет емес. Қазақстанға халықаралық рейстермен келгендер үшін ПЦР-тест міндетті, талдау нәтижесін берген сәттен бастап 72 сағат қолданылу мерзімі (Қазақ, ағылш немесе орыс тілінде). Басқа елдерде ПЦР-тест бойынша талаптарды а/к-да нақтылау қажет.
Алматы қаласының әуежайында тәулік бойы жұмыс істейтін медициналық қызмет бар. Телефон +7 (727) 270 30 30 E-mail: medoffice@alaport.com

Covid19: Travel Safe

Естеріңізге сала кетейік, жалпы карантиннің әлсіреуіне қарамастан, Алматы әуежайында қауіпсіздік талаптары әлі де сақталуда: терминалда тек бетпердемен болуға болады, әрқашан 1,5 метр қашықтықты сақтау керек, сізге ыңғайлы болу үшін терминалдың едені мен орындықтарында арнайы таңбалау жасалған, сондай-ақ дезинфекциялау құралдары орналастырылған.

Сонымен қатар, терминалдың барлық кіреберістерінде қашықтықтан тепловизорлар орнатылған.

Сізден COVID-19 инфекциясының алдын алу үшін қоғамдық орындарда жауапты болуды және қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұраймыз.

Қауіпсіздікті бақылау кезінде басқалармен физикалық қашықтықты сақтау үшін біз сіздер үшін белгілер енгіздік. Нұсқауларды орындаңыз.

Рентген аппараттары мен себеттер жиі дезинфекцияланады.

Әуежайларда COVID-19-ға қарсы қабылдануы қажет сақтық шаралары Қазақстан Республикасының Бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен беріледі. Біз әуежайда барлық сақтық шараларын толық сақтауға тырысамыз.

Біздің әуежайдағы Duty-free дүкендері басқа адамдармен қауіпсіз физикалық қашықтықты сақтауға арналған. Нұсқаулар мен белгілерді орындаңыз. Бажсыз сауда дүкендерінде бетперде кию міндетті болып табылады.

Duty-free дүкендері мен сақтау орындары жиі дезинфекцияланады.

Біздің әуежайдағы тамақтану пункттері сіз басқа адамдармен қауіпсіз физикалық қашықтықты сақтайтындай етіп ұйымдастырылған. Нұсқаулар мен белгілерді орындаңыз. Бетперде болуы міндетті.

Тамақтану орындары, ас үй және сақтау орындары жиі дезинфекцияланады.

Өзіңізді және басқаларды қорғау үшін әуежайда болған кезде үнемі  бетперде кию керек. Бетпердесіз жолаушылар терминал ішіне жіберілмейді және ұшақ бортына көтеріле алмайды. Бұл ережені сақтамау айыппұлдарға әкелуі мүмкін.

Біз сізден әуежайға бара жатқанда және кері қайту кезінде қоғамдық көлікте бетперде киюіңізді сұраймыз.

Барлық күту залдары жолаушылар санына байланысты денсаулық сақтау органдарының ұйғарымдарына сәйкес дезинфекцияланады.

Сіздің сапарыңыз ыңғайлы және қиындықсыз өтуі үшін әуежайға алдын-ала келуді ұсынамыз: Сіз Ashyk арқылы тексеруден өтіп, жүгіңізді қаптатып, рейске тіркеліп, жүкті тапсырып, әрине, ұшар алдында бір шыны аяқ кофе ішіп үлгеруіңіз керек.

ЕСТЕРІҢІЗГЕ САЛАМЫЗ:
- жолаушыларды халықаралық рейстерге тіркеу ұшудан 2 сағат бұрын, ішкі рейстерге тіркеу-1,5 сағат бұрын басталады;
- тіркеу ұшуға 40 минут қалғанда аяқталады.

Кешіккен жолаушылар рейске жіберілмейді. Аталған уақыт шектері ҚР әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру қағидаларында бекітілген.

21 мамырдан бастап барлық келушілер, оның ішінде әуежай қызметкерлері, сондай-ақ қарсы алатын және ілесіп жүретін адамдар үшін  Халықаралық Алматы әуежайының терминалына кіру Ashyq жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Әуежайдың QR-коды терминалға кірер алдында орналасқан.

Жоқ, сіз терминалға келген кезде рейске тіркеле аласыз. Бір жағынан, тезірек және қауіпсіз қызмет көрсету үшін, егер мүмкіндік болса, терминалға келгенге дейін онлайн-тіркеуден өтуге кеңес береміз