Жүкті іздестіру

Жүкті іздестіру

Егер Сіз ұшып келген соң  тасымалдаушы таспадан  жүгіңізді таппасаңыз, тез арада жүкті іздестіру бөліміне - Lost&Found хабарласуыңыз қажет.
Егер сіз  халықаралық Алматы әуежайының аумағында, сондай-ақ ұшақ бортында жеке заттарыңызды жоғалтып алсаңыз, жүкті іздестіру қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз - табылған барлық заттар белгілі бір уақытқа дейін осында сақталады. Егер сіз әуежайда жүгіңізді алған кезде жүктің бүлінгенін байқасаңыз, өтініш жазу үшін Lost&Found бөліміне хабарласыңыз.

Ерекшелік:
- Air Astana лайнерлерінің бортында ұмытылған заттар  (+7 727 270 30 41, +7 727 270 33 15, +7 702 702 29 67);
- Құжаттар, оларды Желілік полиция  бөліміне тапсырады (+7 727 270 34 54).  

Халықаралық Алматы әуежайының жүкті іздестіру бөлімі : +7 727 270 31 04 +7 727 270 30 93