Жүк терминалы
Халықаралық Алматы әуежайының қолданыстағы жүк терминалының жалпы аймағы 28000 ш.м. құрайды, соның ішінде уақытша сақтау қоймалары мен транзиттік-трансферлік аймақтар бар. Терминалда қауіпті жүктерді сақтауға арналған орындар, ірі габаритті жүктерге арналған жабық бөлмелер, бағалы жүктерді сақтауға арналған сейфтер, тозаңытқыш камералар бар. Жүкті тиеп-түсіру жұмыстарына арналған техниканың барлық түрімен жабдықталған қоймалар халықаралық талаптарға сай.