Халықаралық Әуежай бүгінде

ALMATY INTERNATIONAL AIRPORT

Халықаралық Алматы әуежайы, Алматы, Қазақстан

ICAO UAAA (ALA)

ХАӘ метеоқызметiнің мәліметтері бойынша Алматы әуежайы ауданындағы ауа температурасы

+15°С

+7(727)270-33-33

Қалааралық қоңыраулар үшін

Русский / English

Басына Қауіпсіздік Жаңалықтар Байланыс Баспасөз қызметі Авиаагенттік Тендерлер

Халықаралық Әуежай бүгінде

Халықаралық Әуежай (Алматы, Қазақстан) Оңтүстік-Шығыс Азия мен Еуропа арасындағы тиімді географиялық ортада орналасқан.


Біздің қаламыз арқылы көне заманда Қытайдан әлемнің түкпір-түкпіріне жол салған Ұлы Жібек Жолы өтеді.

Халықаралық Алматы әуежайының еліміздегі жетекші әуежай ретіндегі жоғары мәртебесі онда көрсетілетін қызметті үнемі жетілдіріп, сапасын арттырып отыруды талап етеді. Сондықтан Алматы әуежайының басшылығы техникалық жабдықты заман талабына сай жаңалап, қызметкерлердің кәсіби біліктілігін жетілдіріп отыруды әуежай дамуының басым бағыты деп есептейді.

Қазіргі кезде Халықаралық әуежайдың басшылары әуежай қызметін пайдаланушы авиакомпаниялардың Боинг 747 тәрізді кең фюзеляжды әуе кемелерін Алматы әуежайында техникалық мақсатта қабылдап, оларды жүк тасымалдау жұмысына тарту мақсатында ауқымды жұмыс атқаруда. В-747 әуе кемелеріне жанармай құю үшін Алматы әуежайын пайдалана отырып, авиакомпаниялар жүк тиеу мүмкіндіктерін арттырып, қосымша пайдаға қол жеткізеді.

  • қазан айында Волга-Днепр, Антонов авиажолдары авиакомпанияларының рейстері ашылып, олармен жердегі көрсетілетін қызмет жөнінде шарт жасалды. Сонымен қатар, Ан-124 (Руслан) (ең жоғарғы ұшып көтерілу салмағы 392 тонна) жүк әуе кемелерін пайдаланушы «Полет» авиакомпаниясының өкілдерімен келіссөздер жүргізілді;

  • Ил-76 (ең жоғарғы көтерілу салмағы – 190 тонна) әуе кемелерімен орындалатын Газпром және Добролет авиакомпанияларының рестері ұшуды бастады, рейстер аптасына 4 рет орындалады;

  • Халықаралық Ганновер, Франкфурт, Берлин, Гандер әуежайлары тарапынан өзара тиімді ынтымақтастық жөнінде ұсыныстар түсіп, олардың өкілдерімен келіссөздер жүргізілді;

  • China Southwest Airlines (Қытай) авиакомпаниясы өкілдерімен, сондай-ақ Люксембургтың Көлік Министрлігі өкілдерімен Cargolux авиакомпаниясы рейстерін Алматы әуежайы арқылы ұшыру туралы келіссөздерді ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.


Көптеген алдыңғы қатарлы шетелдік авиакомпаниялар біздің әуежайды өздерінің тұрақты рейстерін жүзеге асыру үшін де, техникалық мақсатта қону үшін де пайдаланады. Атап айтқанда: Lufthansa, Korean Air, KLM,British Airways, Turkish Airlines, China Xinjiang Airlines, Iran Air,Transaero, Volga-DneprAir France, EL AL Israel Airlines , Air Freighting Express LTD, FedEx Express.

 

Анықтама қызметі:

қалааралық қоңырау үшін

+7(727)270-33-33

Алматы қаласы бойынша

1550 (стационарлық телефон)

Басқы бет | Кері байланыс | Сайт картасы

© 2002-2017 «Халықаралық Алматы әуежайы»АҚ

Қазақстан Республикасы. Барлық құқықтары қорғалған.

Байланыс ақпараты

Баспасөз қызметі:
+7(727)2703391

info@alaport.com

Алматыдағы байланыс
телефонымыз

+7(727)2703333

ZXA529ҰРЖАР19°С2017-08-21
08:40

Отырғызу
ЭЙР АСТАНА KC851АСТАНА11°С2017-08-21
08:45

Отырғызу
Qazaq Air QAZ5010ТАМШЫ (ЫСТЫҚ-КӨЛ)10°С2017-08-21
09:00

Отырғызу
ЭЙР АСТАНА KC889АТЫРАУ17°С2017-08-21
09:05

Отырғызу
Загрузить Adobe Flash Player

Жақын арадағы 4 рейс

ары қарай...