Тасымалдау ережесі

ALMATY INTERNATIONAL AIRPORT

Халықаралық Алматы әуежайы, Алматы, Қазақстан

ICAO UAAA (ALA)

ХАӘ метеоқызметiнің мәліметтері бойынша Алматы әуежайы ауданындағы ауа температурасы

+8°С

+7(727)270-33-33

Қалааралық қоңыраулар үшін

Русский / English

Басына Қауіпсіздік Жаңалықтар Байланыс Баспасөз қызметі Авиаагенттік Тендерлер

Қазақстан Республикасы әуе жолдарында жолаушыларды, багаж бен жүкті тасымалдау ережелері

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі №182 бұйрығының көшірмесі:

2 ТАРАУ. ЖОЛАУШЫЛАР МЕН ЖҮКТІ ӘУЕДЕ ТАСЫМАЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

2 БӨЛІМ. БИЛЕТ

4. Билет жолаушыны әуеде тасымалдау келісімі мен шарттары жасалғанын растайтын, атаулы шартты құжат болып табылады.

5. Жолаушы Тасымалдаушы немесе оның агенті тиісті дәрежеде толтырып берген жарамды билеті болғанда ғана тасымалдауға жіберіледі. Жолаушы, егер ол көрсеткен билетте Тасымалдаушы немесе оның агентінен басқа адамдар енгізген түзетулер немесе өзгерістер болса тасымалдауға жіберілмейді.

6. Билет онда көрсетілген қызмет бағыты мен класы бойынша, жолаушы мен оның багажын жіберу пунктінен жету пунктіне дейін тасымалдау үшін жарамды болып табылады. Әрбір ұшу купоны немесе тексеру талоны жолаушы мен оның багажын брондалған орынға, онда көрсетілген бағыт участогы, қызмет көрсету класы, күні мен рейсі бойынша ғана жарамды.
Егер билет брондау белгісінсіз (ұшудың ашық қалдырған күнімен) берілсе,онда орын жолаушы тілегіне сәйкес, сұрау салынған рейсте бос орындарының болуына қарай брондалады.
Билет сатылған жері мен күні оның барлық купондарында көрсетілуі тиіс.

7. Қалыпты тариф бойынша ашық ұшу күнімен тасымалдауға берілген билет, жолаушылар мен оның багажын тасымалдау үшін, тасымал басталған күннен бастап жарамды, ал егер бірде бір ұшу купоны пайдаланылмаса, онда билет берілген күннен бастап және онда Тасымалдаушы немесе оның өкілі рейстің ұшу күні мен нөмірін қойғаннан кейін ұшуға хақысы бар.

8. Арнайы тариф бойынша тасымалдауға берілген билет осы тарифты қолдану ережелері белгіленген мерзімде ғана жолаушы оның багажын тасымалдауға жарамды.

9. Билеттің жарамдылық мерзімі, егер жолаушы мына жағдайларда билет жарамдылығы мерзімі ішінде ұша алмай қалса, бастапқыда төленген тарифке сәйкес келетін сол қызмет көрсету класы бойынша бос орын бар, Тасымалдаушының ең жақын рейсіне дейін ұзартылады:

1) билетте көрсетілген рейсті кейінге қалдыру немесе кешігу;

2) билетте көрсетілген әуежайда әуе кемесі қона алмаса;

3) жолаушыға билетінде көрсетілген рейс пен күнінде орын тауып бере алмау себебінен, жібере алмау;

4) рейсті орындамаған әуе кемесінің жіберу әуежайына қайтып оралуы;

5) жолаушы жолай қонуға тиіс әуежайға келетін әуе кемесінің кешігу немесе рейсті кейінге қалдыру себебінен, билетте көрсетілген, рейспен жолай қону әуежайынан жолаушының жібермеуі;

6) ұшу кестесінде көрсетілген әуе кемесі типінің өзгертілуі;

7) билетте көрсетілген қызмет ету класы ұсынылмаса;

8) әуе кемесі амалсыз қону себебінен рейстік үзіліс жасайды;

9) жолаушының немесе әуе кемесінде бірге ұшуға тиіс отбасы мүшесінің ауырып қалуы;

10) Тасымалдаушы билетті дұрыс толтырмауы.

10. Егер тасымалдауға билеті бар жолаушы орынды брондау жөнінде өтініш жасаса, ал тасымалдаушы билеттің жарамдылық мерзімі ішінде орын тауып беруге мүмкіндігі болмаса, онда ондай билеттің жарамдылық мерзімі бастапқы төленген тарифке сәйкес келетін сондай қызмет көрсету класына бос орын бар, Тасымалдаушының ең жақын рейсіне дейін ұзартылады.

11. Егер жолаушы өзінің ауырып қалуынан немесе онымен әуе кемесінде бірге ұшатын отбасы мүшесі ауырып қалу немесе өлімі себебінен, билеттің жарамдылық мерзімі ішінде, ұша алмаса, онда бұндай билеттің жарамдылық мерзімі дәрігерлік тұжырымдамаға сәйкес, ол немесе оның отбасы мүшесі ұша алатын жағдайда болса, Тасымалдаушының ең жақын рейсінен кейінгі не дейінгісіне, егер бастапқы төленген тарифке сәйкес сондай қызмет көрсету класына бос орындар болса, 10 күннің ішінде ұшуы тиіс.
Бұл жағдайларда ауру жолаушыға ілесіп жүретін отбасы мүшесінің билеттерінің жарамдылық мерзімі сол мерзімге ұзартылады.

12. Жолаушы Тасымалдаушыға ұшу және жолаушы купондары бар билетті көрсетуге міндетті. Пайдаланылған ұшу купондары бар билет жолаушыны тасымалдау және ақшаны қайтару үшін жарамсыз. Тасымалдаушы жолаушы купонында көрсетілген жіберу пунктінен бастап, өте қатаң тәртіппен жолаушы мен оның жүгін тасымалдау үшін ұшу купондарын қабылдайды. Егер кейінгі ұшу купондары пайдаланылған болса, билет пайдаланылатын ұшу купондарымен жолаушыларды тасымалдау және ақшаны қайтару үшін жарамсыз болып табылады. Жолаушылар купоны мен барлық пайдаланылған ұшу купондарын жолаушы барлық тасымалдау кезеңінде сақтау керек. Олар Тасымалдаушының талап етуі бойынша көрсетілуге және тапсырылуға тиіс.

13. Билетті оны пайдалану үшін басқа адамға беруге болмайды.

14. Билет немесе оның кез келген бөлігі жоғалып, бүлінген жолаушы немесе ұшу купоны жоқ болған жағдайда, Тасымалдаушы жолаушының өтінішімен ондай билеттің орнына Тасымалдаушының нормативтік актілерінде қарастырылған ақшаларды төлетіп, билеттің дубликатын беруге болады.
Шетелдік Тасымалдаушы берген билет (немесе оның кез келген бөлігі) жоғалған, бүлінген жағдайда, дубликатты толтыруға бұл Тасымалдаушының жазбаша рұқсатын алу керек.
Бұл жағдайларда, жолаушы тиісті маршрут бойынша ұшуға билет беру үшін, тасымалдаушыға қанағаттандыратындай дәлелдер келтіру керек.

15. Билеттің жоқтығы, дұрыс еместігі немесе жоғалуы тасымал келісімі бар ма, жарамды ма - оған әсер етпейді.


3 ТАРАУ. ОРЫНДЫ БРОНДАУ

16. Орынды брондау жолаушыларды тасымалдаудың қажетті шарты болып табылады.

17. Жолаушыға тиісті түрде толтырылған билет берілмегенше, брондау алдын ала жасалған болып есептеледі және қажет болған жағдайда жойылуы мүмкін.

18. Толық немесе жартылай пайдаланылмаған билеті бар және билетінде көрсетілген ұшатын күнін басқа күнге ауыстырғысы келген жолаушы орынды жаңадан брондағанда ешқандай артық кезек құқығын пайдаланбайды.

19. Жолаушы тіркеуден өту үшін әуежайға немесе Тасымалдаушы көрсеткен басқа жіберетін жерге Тасымалдаушы белгіленген уақыттан кешікпейді немесе тіркеу бойынша белгіленген нысандылықтар мен тәртіптерді орындайтындай уақытта келуге міндетті.

20. Егер жолаушы тіркелу үшін белгіленген мерзімде келмесе немесе дұрыс толтырылмаған құжаттармен келсе онда Тасымалдаушы аталған әуежайда оған жасалған ұшу бронын жоюына болады. Тасымалдаушы жолаушының тіркеуден өз уақытында өтпегеніне байланысты шығындар үшін жауап бермейді.

21. Жолда және кері қайту пунктіне 72 сағат артық тоқтағанда, жолаушы кестесі бойынша рейс ұшқанға дейін 72 сағ. ішінде, әрі қарай ұшуға Тасымалдаушыдан бұрын, жүргізілген бронды растауға міндетті, ал трансфер пунктінде келгеннен кейін 2 сағаттан кешіктірмеу керек, егер Тасымалдаушының нормативтік актілерінде басқа жағдай қарастырылмаса.

22. Егер жалпы мақсатпен бір бағытқа ұшатын 10 және одан да көп адамнан болатын жолаушылар тобы әрі қарай ұшуға немесе кері бағытта ұшуға белгісі бар билеттері болып, белгілі бір пунктте 15 күннен артық мерзімге аялдама жасаса, онда брондау рейс жіберілгенше 15 күннен кешіктірілмей, расталуға тиіс, егер Тасымалдаушының нормативтік актілерінде басқа жағдай қарастырылмаса.

23. Бронды растау үшін, жолаушы (ал топты тасымалдағанда топ жетекшісі) Тасымалдаушының немесе оның агентінің өкілдігінің кеңсесіне кез келген байланыс құралдарын қолданып немесе жеке өзі жолығуы тиіс.

24. 20-22-тармақтарда көрсетілген талаптарды орындамаған жағдайда, тасымалдаушы осы әуежайдан ұшу бронын жоюға хақысы бар.

25. Егер жолаушы (жолаушылар тобы) брондалған орыннан бас тартса немесе Тасымалдаушы белгілеген уақытқа тіркеу орнына немесе дұрыс толтырылмаған құжаттармен келіп, нәтижесінде ол үшін брондалған орын қолданылмаса, онда жолаушыдан (жолаушылар тобынан) Тасымалдаушының нормативтік актілерінде қарастырылған жағдайларда және мөлшерлерде ақша ұсталуы мүмкін. Бірақ, бұндай ақша, егер жолаушы (жолаушылар тобы) бронды жоя алмаса немесе тіркеу орнына рейстің кешігуі немесе өзгеруі бойынша қону пунктінен өтіп кету немесе бұл жолаушыға (жолаушылар тобына) брондалған орынды бере алмау себебінен болса, ақша ұсталмайды. Сондай-ақ, егер жолаушы (топтың бірнеше мүшесі) дәрігерлік тұжырымдамамен мақұлданған денсаулық жағдайына байланысты тіркеу орнына келмесе, ақша ұсталмайды.

26. Жолаушының өтініші бойынша бастапқы брондауға жататын байланыс шығындарын есепке алмағанда, оның жол жүруі және брондауға қатысты байланыс шығындарын жолаушы төлейді.

27. Жолда тоқтауға тек қана ол Тасымалдаушымен немесе оның агентімен алдын ала келісімі және билетте қарастырылса ғана рұқсат етіледі.

28. Егер билет Тасымалдаушының арнайы тариф бойынша төленген болса, жолда жолаушының аялдауы Тасымалдаушының нормативтік актілерімен реттеледі.
Жолда тоқтау үшін билетке төлеудің көрсетілген кез келген жағдайларында мына шарттарды сақтау керек:

1) билеттің жарамдылық мерзімі шеңберінде ғана тоқтауға болады;

2) тиісті елдердің мемлекеттік органдары мен олардың Тасымалдаушыларының ережелері бойынша тоқтауға болады.

4 ТАРАУ. БИЛЕТТЕГІ ЖӘНЕ ТАСЫМАЛДАУДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР

29. Жолаушының өтініші бойынша билеттегі өзгерістер Тасымалдаушының нұсқауларына сәйкес жүргізіледі.

30. Тасымалдаушы тасымалдағы осы қосымша тарифтер мен жиындарды төлеуді талап етуге тиіс емес. Бірақ, егер қалыптан жоғары багажды тасымалдағаны үшін жолаушылар тарифі мен тариф өзгертілген маршрут бойынша төленген сомадан төмен болатын болса, онда айырмасы жолаушыға қайтарылады..

31. Егер Тасымалдаушы белгілі бір себептермен тиісті қызмет көрсету класты салонда жасалған бронға сәйкес жолаушыға орын тауып бере алмайтын болса, онда:

1) егер жолаушы алғашқыда бронға сәйкес келетін нормалар бойынша оған тегін тамақ беру мен тегін жүк алып өту құқығын беріп, басқа қызмет көрсету класты салонда ұшуға келіссе, төленген және ұсынылған класында тасымалдау құны арасындағы айырма бойынша ешқандай қайта есептеу жүргізілмейді;

2) егер жолаушы төленгенмен салыстырғанда арзандау класты салонда ұшудан бас тартса, Тасымалдаушы бұл жолаушыны қонақ үйде орналастыру, тамақтандыру, Тасымалдаушының рейсінде немесе шетелдік Тасымалдаушының рейсінде алғашқы брондалған класқа сәйкес, жолаушыға орын тауып бере алатын уақытқа дейін, жалғастыру;

5 БӨЛІМ. ЖОЛАУШЫНЫ ТАСЫМАЛДАУДАН БАС ТАРТУ

32. Тасымалдаушы мына жағдайларда жолаушыны әуеде тасымалдау келісімін бір жақты тәртіппен тоқтатуға хақысы бар, егер:

1) жолаушы жеке басын тексеруден, қол жүгі мен жүгін тексеруден бас тартса;

2) жолаушы тасымалдаушы белгілеген ережелерді бұзса және өз әрекеттерімен әуе кемесінің ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндірсе;

3) бұл үстінен әуе тасымалы жүзеге асырылатын немесе тасымалдауды жіберу пункті, тоқтайтын жері немесе жету пункті орналасатын мемлекеттің заң актілері ережелерін жою үшін қажет болса;

4) жолаушының тәртібі, жасы, психикалық немесе физикалық жағдайын мынандай қалыпта болғанда; Тасымалдаушының ерекше көмегін қажет етуі; тәртіпсіздік, жайсыздық тудырады немесе басқа жолаушылар тарапынан ашу, ыза тудырады; жолаушының өзіне, басқа адамдар немесе олардың мүліктері үшін қауіп немесе қатер тудырады;

33. Егер жолаушыны тасымалдаудан бас тартқанда немесе ол осы Ережелердің 32 тармағында көрсетілген себептермен әуе кемесіне жіберілмесе немесе әуе кемесінен түсіріліп тасталса, оның осы Ережелердің 83 тармақшасына сәйкес пайдаланылмаған билет немесе оның бөлігі үшін ғана ақшасын қайтып алуына хақысы бар. Егер жолаушыны тасымалдаудан 32 тармақта баяндалған себептер бойынша бас тартса, онда одан пайдаланылмаған билет пен оның бөлігі үшін ақшасын қайтарғанда 83 тармаққа сәйкес, сондай-ақ тиісті ақшаларда ұсталады.

34. Егер әуе кемесіне мүмкін коммерциялық жүк тиеу бойынша шектеулер шамадан тыс асып кетсе, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Тасымалдаушы өзінің шешуі бойынша қандай жүкті, багажды немесе жолаушыны осы әуе кемесінде тасымалдауға болмайтындығына хақысы бар.

6 ТАРАУ. ЖОЛАУШЫЛАРДЫҢ КЕЙБІР КАТЕГОРИЯЛАРЫН ТАСЫМАЛДАУ ШАРТТАРЫ

35. Өте маңызды жолаушылар категориясына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі N 788 "Қазақстан Республикасы әуе көлігінде тасымалдауда оларға қатысты тексеру жүргізілмейтін лауазымды тұлғалардың арнайы тізімі туралы" қаулысына сәйкес Тасымалдаушының арнайы тізімімен анықталған адамдар жатады.

36. Дипломаттық курьерлер мен байланыс фельдегерлерін тасымалдау мемлекеттік органдардың талаптарына, Тасымалдаушының нормативтік актілеріне сәйкес жүргізіледі. Дипломаттық курьер мен байланыс фельдегері Тасымалдаушының талап етуі бойынша дипломаттық багажды (почтаны) алып жүретін адам ретінде оның арнайы өкілеттігін растайтын құжаттары болуы керек және көрсетуі керек.

37. Қазақстан Республикасы Тасымалдаушылары балаларды ересек жолаушылармен бірге, сондай-ақ оларсыз-ақ тасымалдауға болады. Еріп жүретін адамдары жоқ балаларды ата-аналары немесе қамқоршылары ондай тасымалдың барлық қажетті детальдарын көрсетіп, тиісті құжатты ("Тасымал туралы өтініш") толтырғаннан кейін қабылдайды. Еріп жүретін адамдары жоқ балалар ретінде ата-аналарсыз ұшатын және жолаушылардың біреуіне сеніп тапсырылмаған жасы 2-ден 12-ге дейінгі балаларды тасымалдауға болады. Ата-аналар немесе қамқоршылардың өтініші бойынша бұл 16 жасқа дейінгі балаларға да қатысты болуы мүмкін.

ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті Төрағасының 2006.04.01. № 2 Бұйрығымен 38-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

38. Жеке орын алмайтын және ересек жолаушымен ілесіп жүретін, 2 жасқа дейінгі бір баланы халықаралық рейстерде тасымалдау үшін, ақы төленбейді.

1) Егер бес жасқа дейінгі бала халықаралық рейсте жеке орынмен тасымалданатын болса, егер бұл тарифты қолданудың ерекше шарттары болмаса, оны тасымалдауға еріп жүретін ересек жолаушының тиісті қалыпты немесе арнайы тарифінің 50%-н төлейді.

2) Бір ересек жолаушы 5 жасқа дейінгі екінші және келесі балаларды халықаралық рейсте тасымалдау үшін, егер бұл тарифты қолданудың ерекше шарттары болмаса, оны тасымалдауға еріп жүретін ересек жолаушының тиісті қалыпты немесе арнайы тарифінің 50%-н төлейді.

ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті Төрағасының 2006.04.01. № 2 Бұйрығымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

3) Халықаралық рейсте бір ересек жолаушы 2 жастан 12 жасқа дейінгі әр баланы тасымалдау үшін, егер бұл тарифті қолданудың ерекше шарттары болмаса, еріп жүретін ересек жолаушының тиісті қалыпты немесе арнайы тарифінің 50%-і төленеді.

4) Еріп жүретін адамы жоқ баланы халықаралық рейсте тасымалдау үшін, Тасымалдаушының нормативтік актілеріне сәйкес ақы төленеді.

5) Белгілеу пунктіне ұшатын балаларға жүкті тегін алып жүру құқығы және салонда жеке орын берілмейді.

ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті Төрағасының 2006.04.01. № 2 Бұйрығымен 39-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

39. Ішкі тасымалдауларда жолаушы ақысыз 2 жасқа дейінгі бір баланы оған жеке орын бермей алып жүруіне болады, ал келесі, ішкі рейстерде жолаушымен бірге ұшатын 2 жасқа дейінгі балалар толық тарифтің 50%-н балалар билеті бойынша төлеп, жеке орынмен тасымалданады. 2 жастан 15 жасқа дейінгі балалар ішкі рейстер де балалар билеті бойынша толық тарифтің 50% төлеп, ересек жолаушылармен бірге, сондай-ақ бөлек те тасымалданады.

40. Әр баланың жасына қатыссыз тиісті қалыпты немесе арнайы тарифтің 50%-і тасымалдау үшін төленгенде жеке орын беріледі және қалыпты немесе арнайы тарифпен төлеген жолаушылар үшін белгіленген норма бойынша багажды тегін алып жүруге болады. Егер бұл жағдайларда тегін алып жүретін жүк нормасынан асып түсетін мөлшерде багаж тасымалданса, онда ол тиісті багаж тарифі бойынша төленеді.

41. Зембілмен тасымалдауды қажет ететін жолаушыны тасымалдау үшін әуе кемесінде зембілдер нақты қанша орын алатынына байланыссыз, Тасымалдаушының нормативтік актілеріне белгіленген тарифке үстеме ақы мөлшерінде төленеді.

7 БӨЛІМ. БАГАЖ (ЖҮК) ТАСЫМАЛДАУ

42. Жолаушыларға тіркелмеген жүк ретінде шектелмеген мөлшерде және Тасымалдаушының рұқсатымен мына заттарды алып өтуіне рұқсат беріледі:

1) ұшу кезінде қажет болуы мүмкін гигиеналық және дәрігерлік заттар;

2) тез бұзылатын заттарды орау және сақтау үшін қолданылатын құрғақ мұз;

3) территориясына, территориясынан немесе территориясы арқылы тасымал жүзеге асырылтын кез келген елдің мемлекеттік органдарының заңдарымен, қаулыларымен, ережелері және бұйрықтарымен рұқсат етілетін мөлшерден кем емес көлемдегі алкогольді ішімдіктер;

4) шегуге арналған темекі заттары мен қажетті бұйымдар, оның ішінде тек сұйытылған сорғыш газдары бар оттықтар;

5) медициналық мақсаттарда ғана қолданылатын оттегісі бар портативті баллондар;

6) ортопедиялық жабдықтары үшін қолданылатын көміртегі тотығы бар портативті баллондар.

Жоғарыда саналмаған заттардың жалпы салмағы әр жолаушы үшін 5 кг-нан аспауға тиіс.

43. Қызметтік міндеттерін орындау жағдайындағы адамдар өзімен бірге қару алып жүруді белгіленген тәртіппен берілген рұқсат бойынша ғана жүзеге асырады және территориясына, территориясынан немесе территориясы арқылы тасымал жүзеге асырылатын мемлекеттік органдардың тиісті заңдарын, қаулыларын, ережелері мен бұйрықтарын орындағанда ғана рұқсат етіледі.

44. ВТасымалдаушы жүкті тасымалдауға қабылдау кезінде билетте тіркелген жүктің орнын, санын және салмағын көрсетуге міндетті, бұл жолаушыға жүк түбіртегін беру деп есептеледі. Сондай-ақ, Тасымалдаушы жолаушыға нөмірлі жүк белгісінің үзбелі талонын беруге міндетті. Әр орындағы жүктің салмағы 30 кг-нан және өлшемі 50х50х100 см-ден аспауға тиіс, егер басқа жағдай Тасымалдаушының нормативтік актілерінде қарастырылмаса.

45. Багажды (жүкті) тіркегеннен кейін, оны сақтау жөніндегі міндеттер Тасымалдаушыға жүктеледі.

46. Тасымалдаушы, егер жүк қалыпты жағдайларда қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ететін чемодандарға, қораптарға, сөмке немесе басқа да орамдарға оралмаған болса, оны тіркелген жүк ретінде қабылдамауына болады.

47. Тез сынатын немесе бұзылатын заттарды, ақшаны, бағалы заттарды, қымбат металдарды, құнды қағаздарды, акциялар мен басқа да құндылықтарды, сондай-ақ қызмет барысындағы құжаттар немесе бұйымдар үлгілерін жолаушы өзінің тіркелген жүгіне салуға болмайды, ал Тасымалдаушы тіркелген жүк ретінде тасымалдаудан бас тартуына болады.

48. Тіркелген жүк жолаушы ұшатын әуе кемесімен тасымалданады. Егер олай тасымалдау кейбір себептермен мүмкін болмаса, Тасымалдаушы тіркелген жүкті өзінің ең жақын келесі немесе алдыңғы рейсімен тасымалдауға міндетті.

49. Егер Тасымалдаушы осы Ережелерде берілген "жүк" анықтамасына сәйкес келмейтін кейбір заттарды жүк ретінде қабылдаса, ондай заттарды тасымалдау, сондай-ақ осы Ережелерге қатысты болады.

50. Салонда жеке ұсынылмай (берілмей) тасымалданатын балаларынан басқа билеті бар әрбір жолаушыға, қол жүгін және 20 кг артық емес салмағы бар багажды тегін алып өтуге болады.

51. Егер халықаралық тасымалдау бірінші класты қызмет көрсету белгіленген халықаралық линия бойынша ретімен (шетел Тасымалдаушыларының линияларын қоса алғанда) және бірінші класты қызмет көрсету белгіленбеген, әуе компаниясының халықаралық линиялары бойынша орындалатын болса, онда жолаушыға төлеген бірінші класты қызмет көрсетуге сәйкес келетін норма бойынша тегін жүк алып өту құқығы беріледі.

52. Егер халықаралық тасымалдау ретімен халықаралық және ішкі линиялар бойынша немесе керісінше орындалатын болса, онда ішкі линия бойынша жолаушыға билет алу кезінде төлеген халықаралық линияда қызмет көрсету класына сәйкес келетін норма бойынша жүкті тегін алып өту құқығы беріледі.

53. Жолаушы өз еркімен тасымалдау маршрутын немесе қызмет көрсету класын өзгерткен жағдайда, оған жаңа участоктағы тиісті маршруты мен қызмет көрсету класы үшін белгіленген нормада тегін жүк алып өту құқығы беріледі.

54. Тасымалдау маршруты немесе қызмет көрсету класы еріксіз өзгерген жағдайда, жолаушыға алғашқыда төленген маршруты мен қызмет көрсету класы бойынша рұқсат етілгендей багаж мөлшерін тегін алып өту құқығы беріледі.

55. Жүкті тегін алып өтудің белгіленген нормасынан тыс, жолаушы ұшуда оған қажет мына заттарды, егер олар жолаушының қолында болса және жүкке салынбаған болса, тегін алып өтуге хақысы бар: әйелдер сөмкесін; қағаздарға арналған папкасы; пальто немесе плащты; жылы орамалды; қолшатыр немесе тросты; ұшу кезінде оқуға арналған баспасөз өнімдерін; балаға арналған тамақ пен балалардың жол бесігі; мүгедекке арналған кресло-арба.

56. Бір бағытқа бір топ ретінде баратын немесе бір рейспен тоқтайтын екі немесе бірнеше жолаушы тасымалдауға өз жүктерін бірге көрсетсе, онда оларға жүкті тегін алып өтудің жеке нормаларының құнына тең жалпы норма бойынша тегін алып өту құқығы беріледі, егер басқа жағдай Тасымалдаушының нормативтік актілерінде қарастырылмаса.

57. Тегін алып өту нормасынан асып түсетін мөлшердегі жүкті тасымалдауға ақы ақылы жүктің түбіртегі берілген күніне жарамды оның жүк тарифі бойынша жету пунктіне дейінгі барлық тасымал үшін жіберу пунктінде төленеді. Ондай төлеу алдын ала (билет толтырған кезде) жүргізілуі мүмкін.

58. Егер жіберу пунктінде жолаушы мәлімдегеннен және билетті толтыру кезінде алдын ала төленгеннен аз мөлшерде тасымалға көрсетсе, жүктің мәлімденген және нақты салмағы арасындағы тасымал ақысындағы айырма алғашқы төлем валютасында жолаушыға қайтарылуға тиіс.

59. Егер жолаушы мәлімдегеннен және алдын ала төленгеннен көп мөлшерде жүкті тасымалға көрсетсе, ондай жүк жолаушымен бір әуе кемесінде тасымалдауға тек қана бос тоннаж болғанда және тиісті ақы төлегеннен кейін қабылданады.

60. Жолаушының тілегі бойынша тегін алып жүрудің нормасынан жоғары жүкті тасымалдау ақысы жолда тоқтау пунктіне дейін немесе трансферада төленуі мүмкін.

61. Жүктің салмағы ұлғайған жағдайда, тоқтау пунктінде, немесе трансферада жолаушыдан қосымша жүк үшін ақы алынады.

62. Жолаушы өзінің тіркелген жүгінің құнын жіберу пунктінде, сондай-ақ тасымалдау маршруты бойынша кез келген аралық пунктте жариялауға хақысы бар. Сондай-ақ, жолаушы жүгінің бұрынырақ хабарланған құнының мөлшерін ұлғайтуға хақысы бар. Жарияланған құнының сомасы жүктің нақты құнынан артық болмау керек. Жүктің жарияланған құндылығы үшін ұсталатын ақша Тасымалдаушының тарифтерді қолдану ережелеріне сәйкес төленеді.
Жүктің жарияланған құндылығы үшін ұсталатын ақша осы жүктің құндылығы хабарланатын пункттер арасы көрсетілген, ақылы жүк түбіртегімен расталған және бұл құндылық хабарланған пунктте төленеді.
Бірақ егер жолаушы тасымалдау маршрутының аралық пунктінде өз жүгінің құнын бұрынырақ жарияланғаннан көбірек хабарласа, ол қосымша ақша төлеуі тиіс.

63. Жолаушының тілегі (сұрауы) бойынша, жүк ілеспейтін болып толтырылуы мүмкін.

Ілеспейтін жүк тасымалға жолаушы ұшатын пункттер арасында қабылданады, және тек тасымал шарттарымен қарастырылмайтын болса, жолаушының өзі кедендік жағынан жүкті толтырғаннан кейін ғана қабылданады.

64. Ілесіп жүретін адамы жоқ багажды тасымалдау аталған Ережелердің 3 бөлімінде мазмұндалған ережелермен реттеледі.

65. Егер жолаушы белгілеу пунктіне, аялдау немесе трансфераға келгеннен кейін, өзінің тіркелген жүгін алмаса және ол туралы мәлімдесе, Тасымалдаушы немесе жолаушыға қызмет көрсететін агент жүкті іздеуге барлық қажетті шараларды қолдануға тиіс.

66. Тиісті жүк тарифі бойынша тасымалдауға ақысы төленген, қалдырылған, ұмытылған немесе жіберіліп алынған жүк қосымша ақысыз белгілеу пунктіне, тоқтайтын жерге немесе трансфераға жеткізіледі.

67. Жолаушы өзінің тіркелген жүгін белгілеу, жолда тоқтау және трансфера пунктінде тасымалдауына алу үшін көрсеткеннен кейін алуға тиіс.

68. Тасымалдаушы әуе тасымалы келісімі бойынша Тасымалдаушыға төлеуге тиісті барлық соманы төлеген жағдайда жүк түбіртегі мен жүк белгісінің үзбелі талонын көрсеткен адамға тіркелген жүкті береді.

69. Тасымалдаушы жүк түбіртегі мен жүк белгісінің үзбелі талонын көрсетуші шын мәнінде жүкті алуға хақысы бар ма - оны тексеруге міндетті емес және бұндай тексерусіз берілген жүкке байланысты шығындар немесе зиян үшін жауап бермейді.

70. Жүк түбіртегі мен жүк белгісінің үзбелі талонын көрсетушінің өтініші бойынша, тіркелген жүк, жіберу пунктінде немесе аралық қону пунктінде, егер бұл пункттерде жүк беру мемлекеттік органдардың ережелеріне қайшы келмесе және уақыт пен жағдайлар оны беруге мүмкіндік берсе, жүкті беруге болады.
Жіберу пунктінде немесе аралық қону пунктінде жүк осылай берілген жағдайда, Тасымалдаушыға бұрын төленген барлық сомалар бұл жүктің тасымалдауына байланысты жолаушыға қайтарылмайды.

71. Егер жүкті алуға талаптанған адам жүк түбіртегін және жүк белгісінің үзбелі талонын көрсете алмаса, Тасымалдаушы бұл жүкті алуға өз құқығын жеткілікті дәлелдермен көрсеткенде ғана және тасымалдауға осы жүкті беру нәтижесінде болуы мүмкін зиян мен шығындардың орнын толтыруға жазбаша кепілдеме бергенде ғана жүк беріледі.

72. Жүкті жеткізудегі кідіріс, оның жетпеуі, бұзылуы немесе жоғалу жағдайларында, сондай-ақ жүкті жүк түбіртегі мен жүк белгісінің үзбелі талонын көрсетпеген жағдайларда, жүкті алушы мен Тасымалдаушы қол қоятын, "PІR" тасымалдаудағы ақаулар жөнінде акт жасалады. Акт әуежай территориясынан жолаушы шыққанға дейін жүк тасымалдаудағы ақау табылғанда тез арада Тасымалдаушы жасайды.

73. Жүкті жеткізуде мезгілін өткізіп алғаны үшін, Тасымалдаушы жүкті алушыға әрбір өткізіп алған тәулігі үшін авиабилеттің құнының 10%-і, бірақ авиабилеттің құнынан 50% артық емес мөлшерде айыппұл төлейді.

74. Талап етілмеген жүк әуежайларда оның жеткізілген күнінен бастап алты ай бойы сақталады. Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін талап етілмеген жүк белгіленген тәртіппен өткізіледі.

75. Иттер, мысықтар, құстар және басқа хайуанаттар тек ересек жолаушылар ілесіп алып жүргенде ғана және алдын ала Тасымалдаушы келісім бергенде ғана тасымалға қабылданады. Жолаушы құзырлы мемлекеттік мекеме берген сертификатты және территориясына, территориясынан немесе территориясы арқылы тасымал жүзеге асырылатын кез келген елдің ветеринарлық органдары талап ететін басқа да құжаттарды көрсетуге міндетті.

76. Хайуанаттар мен құстарды тасымалдау үшін, жолаушы ауа баратын жеткілікті өлшемдегі контейнермен (тормен) қамтамасыз етуге міндетті.
Контейнердің (тордың) түбі су өткізетіндей болып, сорғыш материалмен қапталуға тиіс. Ерекше жағдайларда хайуанаттар мен құстарды тығыз жабылған кәрзеңкелерде, ауа баратын тесігі бар қораптарда тасымалдауға болады. Құстардың торлары тығыз, жарық өтетін матамен қапталуы тиіс.

77. Ілесіп алып жүретін хайуанаттар мен құстардың салмағы оның ішінде контейнерлер (торлар) мен тамақтың салмағы тегін алып жүретін жүктің нормасына кірмейді және Тасымалдаушы белгілеген тариф бойынша төленеді.
Егер хайуанаттың салмағы тормен бірге 8 кг-нан асып кетсе, ондай хайуанат тек әуе кемесінің оқшауланған жүк бөлмесінде тіркелген жүк ретінде тасымалданады. Егер әуе кемесінде оқшауланған жүк бөлмесі болмаса, онда хайуанаты бар тор қатар отырған жолаушылардың келісімімен жолаушылар салонында орналасады.

78. Жетекші иттерді қарғыбауы мен тұмылдырығы болып, ол иесінің аяғына байлаулы болғанда, торсыз тегін алып жүретін жүктің нормасын артық, тегін тасымалданады.

8 БӨЛІМ. ҰШУ КЕСТЕСІ, РЕЙСТЕРДІҢ КІДІРУІ ЖӘНЕ КЕЙІН ҚАЛДЫРЫЛУЫ

79. Тасымалдаушы жолаушы мен оның жүгін тасымалдауды өз уақытында орындауға оған қатысты барлық шараларды орындауға міндетті. Тасымалдаушының кінәсінен, жолаушыны тасымалдау кешіккен жағдайда, жолаушы зардап шеккен болса, одан бөлек, әрбір кешіккен сағат үшін билет құнының 3% мөлшерінде айыппұлды тасымалдаушы жолаушыға төлейді.
Төленген айыппұлдың мөлшері алынған билет құнынан артпауы керек.

80. Егер жағдай талап етсе, әуе компаниясы ескертусіз кез келген рейсті кейінгіге қалдыруы, тоқтатуы, ауыстыруы, кідіртуі мүмкін. Бұл жағдайларда, жолаушы келісімі бойынша әуе компаниясы, жолаушының мүдделері мен дәлелді себептерін ескере отырып, ондай жолаушыны басқа рейспен тасымалдау керек немесе оны тасымалдау үшін шетелдік Тасымалдаушыға беру керек, немесе келісімнің бұзылуы себебінен болған барлық шығындарды жолаушыға қайтарып, өзінің нормативтік актілеріне сәйкес ақшасын қайтаруы керек.

9 БӨЛІМ. АҚШАНЫ ҚАЙТАРУ

81. Жолаушы ұшудан ерікті және еріксіз түрде бас тартқан жағдайда, пайдаланылмаған билет, оның бөліктері, ақылы жүк түбіртегі (ЕВТ) немесе әртүрлі жиындар бойынша (МСО) ақшасын қайтаруды Тасымалдаушы осы бөлімнің жағдайларына, сондай-ақ Тасымалдаушының нормативтік актілеріне сәйкес жүргізеді.

82. Пайдаланылмаған билет оның бөліктері немесе МСО бойынша ақша қайтару туралы өтінішті Тасымалдаушы билеттің жарамдылық мерзімі ішінде, бірақ бұл мерзім біткеннен кейін 30 күннен кешіктірмей қабылдауы мүмкін.

83. Ақша билетте көрсетілген адамға, немесе билетті төлеген адамға қайтарылады.

84. Билетті төлеген, бірақ билетте көрсетілген адам жолаушы болып табылмаса, Тасымалдаушыдан немесе оның агентінен осы билет бойынша пайдаланылмаған тасымал үшін ақшаны кімге қайтару керектігі жөнінде билетте белгі жасауға құқығы бар.

85. Ақшаны қайтару Тасымалдаушыға жолаушы купоны мен билеттің барлық пайдаланылмаған Ұшу купондарын немесе ақылы жүк түбіртегін, әртүрлі жиын ордерінің ауыстыру және жолаушы купондарын көрсеткенде ғана жүргізіледі.

86. Пайдаланылмаған билет, билеттің бөлігі немесе МСО бойынша қайтарылатын ақшаның өлшемі Тасымалдаушының нормативтік актілеріне сәйкес анықталады. Жолаушыға қайтарылатын ақшадан жолаушы немесе оның жүгі үшін Тасымалдаушы төлеген немесе төлеуге тиіс барлық жиындар, төлемдер мен шығындар (айыппұлды қоса алғанда) ұсталады.

87. Жолаушы ұшудан бас тартуға мәжбүр болғанда мына жағдайларда ақша қайтарылады:

1) жолаушының орны брондалған рейстің кейінге қалдырылуы, ауыстыруы, кідіруі;

2) жолаушының тасымалдау құжаттарының дұрыс толтырылмауы; жолаушының аттану, жету немесе жолда тоқтау пункттері болып табылатын пункттерде ұшу кестесі бойынша аялдауды кейінге қалдыру;

3) ұшу кестесіндегі көрсетілген уақытқа сәйкес рейстің орындалмауы;

4) әуе кемесі типі немесе қызмет көрсету класын ауыстыру;

5) ертерек жасалған бронға сәйкес, жолаушыға орын тауып берудің мүмкін болмауы;

6) Тасымалдаушының рейстердің түйілісуін қамтамасыз етпеуі;

7) бЖолаушының немесе әуе кемесінде онымен бірге келе жатқан оның отбасы мүшесінің, дәрігерлік куәлікпен мақұлданған науқасы немесе өлімі.

88. Ұшудан бас тартуға мәжбүр болғанда жолаушыға төленетін ақша мынадай жағдайларға сәйкес анықталады:

1) егер бірде-бір телімдегі тасымал орындалмаса, онда тасымал үшін төленген барлық ақша қайтарылады;

2) егер тасымал жартылай (бөлігі ғана) орындалса, онда тасымалдың қалған орындалмаған бөлігінің құнына сәйкес келетін ақша қайтарылады.

89. Ұшудан ерікті түрде бас тартқан жағдайда, ақша мына тәртіппен қайтарылады:

1) егер тасымалдау бірде-бір участокта орындалмаған болса, онда жолаушыға жиынды ұстап, тасымал үшін төленген ақша қайтарылады;

2) егер тасымал жарым-жартылай орындалған болса, онда барлық тасымал үшін төленген ақша мен орындалған тасымал бөлігінің құнына сәйкес келетін сумма арасындағы айырма, тасымалдың орындалған бөлігіне қатысты тасымал жиындарын ұстап қалып қайтарылады.

90. Ақшаны қайтару алғашқы тасымал көлемі валютасымен, жолаушының өтініші бойынша, Қазақстан Республикасы ұлттық валютасымен төленеді.

91. Ақшаны қайтару алғашқыда Тасымалдаушы немесе оның агенттері берген билеттер, әртүрлі жиын ордері және ақылы жүк түбіртектері бойынша төленеді.

92. Ақшаны қайтару Тасымалдаушы немесе оның агенті берген билеттер, әртүрлі жиын ордерлері мен ақылы жүк түбіртектері бойынша, алғашқы билетті, әртүрлі жиындар ордері мен ақылы жүктің түбіртегін берген елде немесе билет қайтарылатын елдегі Тасымалдаушының өкілдігінде төленеді.

10 БӨЛІМ. ЖОЛАУШЫЛАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

93. Тасымалдаушылар жолаушылар мен жүкті әуежайлар арасында немесе әуежай мен қала арасында, Тасымалдаушының нормативтік актілерінде қарастырылған жағдайлардан басқа жерде тасымалдамайды.
Жердегі көлікпен жеке ұйымдар өз бетінше қызмет көрсеткен жағдайларда, онда олар Тасымалдаушының агенттері ретінде қарастырылмауға тиіс.

94. Рейс 10 және одан да көп сағатқа кешіккен жағдайда, Тасымалдаушы қонақ үйден орын және тамақ беруге тиіс. Жолаушының талап етуі бойынша, оған ресми құжат беріледі немесе билетіне Тасымалдаушының арнайы тағайындалған лауазымды адамы тасымалдың кешігу себебі туралы белгі қояды.

95. Жолаушыға ұсынылған қызмет пен оған байланыстылардың нәтижесінде болған, кез келген сипаттағы зиян немесе шығындарды Тасымалдаушы орнына келтіреді.

Басқы бет | Кері байланыс | Сайт картасы

© 2002-2017 «Халықаралық Алматы әуежайы»АҚ

Қазақстан Республикасы. Барлық құқықтары қорғалған.

Байланыс ақпараты

Баспасөз қызметі:
+7(727)2703391

info@alaport.com

Алматыдағы байланыс
телефонымыз

+7(727)2703333

ЭЙР АСТАНА KC621ФРАНКФУРТ11°С2017-10-18
16:10

Ұшып кетті
АВИАКОМПАНИЯ SCAT DV713АСТАНА10°С2017-10-18
15:15

Тіркеу
СОМОН-ЭЙР SZ216ДУШАНБЕ15°С2017-10-18
15:30

Тіркеу аяқталды, отырғызу күтілуде
СИБИРЬ S73288НОВОСИБИРСК (ТОЛМАЧЕВО)2°С2017-10-18
15:50

Отырғызу
Загрузить Adobe Flash Player

Жақын арадағы 4 рейс

ары қарай...