Инсайдерлік ақпарат жайлы ереже

ALMATY INTERNATIONAL AIRPORT

Халықаралық Алматы әуежайы, Алматы, Қазақстан

ICAO UAAA (ALA)

ХАӘ метеоқызметiнің мәліметтері бойынша Алматы әуежайы ауданындағы ауа температурасы

+6°С

+7(727)270-33-33

Қалааралық қоңыраулар үшін

Русский / English

Басына Қауіпсіздік Жаңалықтар Байланыс Баспасөз қызметі Авиаагенттік Тендерлер

«Халықаралық Алматы әуежайы»АҚ инсайдерлік ақпарат жайлы ереже

1. Жалпы ережелер

1. «Халықаралық Алматы әуежайы» акционерлік қоғамының инсайдерлік ақпарат жайлы ережесі (ары қарай-Ереже) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Заңына (ары қарай-Заң), «Халықаралық Алматы әуежайы»АҚ Жарғысы мен ішкі құжаттарына (ары қарай-Қоғам), Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Қоғамның корпоративтік басқару тәжірибесін ары қарай жетілдіру және халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мақсатында дайындалған.

2. Осы Ережені дайындаудың негізгі мақсаты - инсайдерлік ақпаратты заңсыз қолданудың алдын алу және бұлтартпау.

3. Осы Ереже ақпаратты инсайдерлікке жатқызу тәртібі мен межесін белгілейді, инсайдерлік ақпаратты пайдалануға шектеу, инсайдерлік ақпаратты заңсыз қолдану жауапкершілігі.

2. Инсайдерлік ақпарат

Осы ережедегі инсайдерлік ақпарат - Қоғамның эмиссиялық бағалы қағаздары туралы түрлі ақпарат және олармен жасалатын мәмiлелер, сондай-ақ Қоғам жүзеге асыратын қызмет туралы коммерциялық құпияны құрайтын дәйекті ақпарат, сондай-ақ үшінші тұлғаларға беймәлім, жария етілуі бағалы қағаздар құнының өзгеруіне ықпал етуі мүмкін өзге де ақпарат;

4. Инсайдерлік ақпаратқа жататындар:

1) Коммерциялық құпия сырларын ашуға дейінгі ақпарат;

2) Құнды қағаздар рыногы туралы заңнамаға сәйкес ашылуға тиіс ақпарат, ашылу сәтіне дейінгі, егер заңнамамен басқадай қарастырылмағанда;

3) Қоғам қызметі туралы, Қоғамның құнды қағаздары және қолжетімді емес және оның ашылуы Қоғамның құнды қағаздарының рыноктық бағасына едәуір әсерін тигізетін олармен жасалған мәміле туралы ақпарат.

3.Инсайдерлер

5. Заң, басқа нормативтік құжат, Қоғамның ішкі құжаттары, лауазымдық нұсқаулық немесе Қоғаммен жасалған шарттың негізінде Қоғамның инсайдерлік ақпаратына шығу құқығына ие жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар инсайдерлер болып табылады, оның ішінде:

- Директорлар кеңесінің және Қоғамның атқарушы органының мүшелері;

- Лауазымдық міндетеріне байланысты инсайдерлік ақпаратқа рұқсаты бар Қоғамның қызметкерлері;

- Аудиторлар, тәуелсіз нарықшылар, кеңесшілер, Қоғаммен жасалған немесе жасалатын шарттар бойынша контрагенттер, сондай-ақ Қоғаммен өзара қарым-қатынаста болатын сенімді тұлғалары;

- Қоғамның инсайдерлік ақпаратына рұсқаты бар басқа да тұлғалар.

6. инсайдерлік ақпаратқа қолжетімділігі бар тұлғалардың тізімін жүргізу, сайма-сай қалпында ұстау Қоғамның ішкі құжаттарымен белгіленеді.

4.Инсайдерлік ақпаратты пайдалануды шектеу

7. Қоғам инсайдерлік ақпаратты ресми түрде ашпас бұрын инсайдерлер Ереже, Жарғы, Корпоративтік басқару кодексі және Қоғамның басқа ішкі құжаттарына сәйкес бұндай ақпаратқа қатысты құпиялылық тәртібін сақтауға міндетті.

8. Инсайдерлер өздеріне мәлім Қоғамның инсайдерлік ақпаратын таратуға құқығы жоқ, Қазақстан Республикасы заңнамасы және/немесе Қоғамның ішкі құжаттарында көзделген ақпараттарды қоспағанда.

9. Инсайдерлер Қоғамдағы өзінің қызметтік жағдайына және еңбек міндеттеріне байланысы жоқ, Қоғаммен жасалған құпиялық ақпаратты таратпау туралы келісім шарт және еңбек шарттарының талаптарында көзделмеген мақсатта пайдалануға құқығы жоқ.

10. Инсайдерлер Қазақстан Республикасының заңдарында және / немесе қоғамның ішкі құжаттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке мүддесінде немесе үшінші бір адамдардың мүддесінде, оның мүддесінде немесе үшінші бір адамдардың мүддесінде, оның ішінде инсайдерлік ақпаратты Қоғамның бағалы қағаздарымен мәміле жасау үшін пайдалануға құқығы жоқ, инсайдерлік ақпаратты үшінші бір адамдарға қоғамның бағалы қағаздарымен мәміле жасауға беруге, сондай-ақ оларға инсайдерлік ақпаратқа негізделген қоғамның бағалы қағаздарымен мәміле жсау бойынша ұсыныс беруге құқығы жоқ.

11. Қоғамның бағалы қағаздарымен мәміле жасау кезінде инсайдерлік ақпаратты құқысыз пайдаланудың алдын алу және болдырмау мақсатында Инсайдерлер Директорлар кеңесіне (корпоративтік хатшы арқылы) жазбаша түрде Қоғамның бағалы қағаздарымен мәміле жасалатыны туралы міндетті түрде хабарлау керек, егер де қоғамның ішкі құжаттарымен басқадай көзделмегенде.

12. Қоғамның инсайдерлік ақпараты ресми түрде ашылғаннан кейін Осы ережеде көрсетілген шектеулердің күші жойылады, егер де ҚР заңнамасымен немесе Қоғамның ішкі құжаттарымен басқадай көзделмегенде.

5. Инсайдерлік ақпаратты ашу

13. Заңнамада және/немесе қоғамның ішкі құжаттарында көзделген тәртібі мен нысаны бойынша жарияланған Қоғамның инсайдерлік ақпаратының ресми түрде ашылуы болып табылады.

14. Инсайдерлер немесе басқа тұлғалар заңсыз ашқан инсайдерлік ақпарат ҚР заңнамасмен және/немесе Қоғамның ішкі құжаттарымен көзделген ақпаратты ашу міндетінен босатпайды, сондай-ақ осы ережеде көзделген пайдалану шектеуінің күші осы ақпараттың ресми ашылуына дейін жойылмайды.

15. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы инсайдерлік ақпараттың кейбір түрлеріне жариялаудың арнайы тәртібі мен нысанын белгіленбеген жағдайда бұндай ақпараттың ресми жариялануы Қоғам белгілеген тәртіп пен нысанда жүзеге асырылады.

6.Жауапкершілік

16. Инсайдерлер Қоғамның инсайдерлік ақпаратын заңсыз жарияланып қолданғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Қоғамның ішкі құжаттарына, сондай-ақ Қоғаммен жасалған шарт талаптарына сәйкес жауапты болады.

 

Анықтама қызметі:

Қалааралық қоңыраулар үшін

+7(727)270-33-33

Алматы қаласы бойынша

1550 (стационарлық телефон)

Басқы бет | Кері байланыс | Сайт картасы

© 2002-2017 «Халықаралық Алматы әуежайы»АҚ

Қазақстан Республикасы. Барлық құқықтары қорғалған.

Байланыс ақпараты

Баспасөз қызметі:
+7(727)2703391

info@alaport.com

Алматыдағы байланыс
телефонымыз

+7(727)2703333


Warning: DOMDocument::load(): I/O warning : failed to load external entity "/usr/local/www/apache24/data/dep_tbl.xml" in /usr/local/www/apache24/data/kz/engine/engine.php on line 392
Загрузить Adobe Flash Player

Жақын арадағы 4 рейс

ары қарай...