Тасымалдау ережесі.

ALMATY INTERNATIONAL AIRPORT

Халықаралық Алматы әуежайы, Алматы, Қазақстан

ICAO UAAA (ALA)

ХАӘ метеоқызметiнің мәліметтері бойынша Алматы әуежайы ауданындағы ауа температурасы

+8°С

+7(727)270-33-33

Қалааралық қоңыраулар үшін

Русский / English

Басына Қауіпсіздік Жаңалықтар Байланыс Баспасөз қызметі Авиаагенттік Тендерлер

86-бап. Тасымалдаушының рейс болмаған немесе кідірген кездегi жолаушы алдындағы жауапкершілігі

   1. Тасымалдаушының кінәсінен рейс орындалмаған немесе кідіртілген немесе әуе кемесінің кеш келуі, тасымалдау маршрутының өзгеруі салдарынан рейс кідірген, орындалмаған кезде тасымалдаушы жолаушылар үшін жөнелту пункттері мен аралық пункттерде мынадай:
   1) жеті жасқа дейінгі балалы (болған кезде) жолаушыға ана мен бала бөлмесін ұсыну;
   2) рейстің жөнелтілуін екі сағаттан аса күткен кезде ұзақтығы бес минуттан аспайтын екі телефон қоңырауын шалу, оның ішінде халықаралық байланыс желісі бойынша қоңырау шалу немесе электрондық почта арқылы екі хабарлама жіберу;
   3) рейстің жөнелтілуін екі сағаттан аса күткен кезде салқындатылған сусындармен қамтамасыз ету;
   4) рейстің жөнелтілуін төрт сағаттан аса және әрі қарай күткен кезде:
күндізгі уақытта - әрбір алты сағат сайын;
түнгі уақытта әрбір сегіз сағат сайын ыстық тамақпен қамтамасыз ету;
   5) рейстің ұшуын күндізгі уақытта сегіз сағаттан аса және түнгі уақытта алты сағаттан аса күткен кезде тасымалдаушы ұсынған қонақ үйге орналастыру;
   6) қонақ үй қосымша ақысы алынбай ұсынылатын жағдайда тасымалдаушы ұсынған көлікпен әуежайдан қонақ үйге дейін және кері қарай жеткізу қызметтерін көрсетуді ұйымдастыруға міндетті.
   Осы тармақта көрсетілген қызметтер жолаушыларға қосымша ақысы алынбай көрсетіледі.
   2. Тасымалдаушының кінәсінен рейс орындалмаған немесе он сағаттан астам мерзімге кідіртілетін кезде, жолаушының қалауы бойынша, тасымалдаушы:
   1) осы баптың 1-тармағына сәйкес қызметтер көрсете отырып, жолаушыны билетте көрсетiлген баратын жеріне жақын арада ұшатын рейспен тасымалдауды қамтамасыз етуге;
   2) жолаушыға билеттiң толық құнын қайтаруға мiндеттi.

Авиакомпанияның кiнәсынан жолаушыны тасымалдау кiдiртiлген кезде соңғысы жолаушыға билет құнының 3 %-ы мөлшерiнде айыппұл төлейдi-«Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 желтоқсандағы №1522 Қаулысы

Басқы бет | Кері байланыс | Сайт картасы

© 2002-2017 «Халықаралық Алматы әуежайы»АҚ

Қазақстан Республикасы. Барлық құқықтары қорғалған.

Байланыс ақпараты

Баспасөз қызметі:
+7(727)2703391

info@alaport.com

Алматыдағы байланыс
телефонымыз

+7(727)2703333

ЭЙР АСТАНА KC621ФРАНКФУРТ11°С2017-10-18
16:10

Ұшып кетті
АВИАКОМПАНИЯ SCAT DV713АСТАНА10°С2017-10-18
15:15

Тіркеу
СОМОН-ЭЙР SZ216ДУШАНБЕ13°С2017-10-18
15:30

Тіркеу аяқталды, отырғызу күтілуде
СИБИРЬ S73288НОВОСИБИРСК (ТОЛМАЧЕВО)2°С2017-10-18
15:50

Тіркеу / Отырғызу
Загрузить Adobe Flash Player

Жақын арадағы 4 рейс

ары қарай...