Жаңалықтар
20.03.2015
20 наурызда Алматы әуежайының командасы мини-футбол бойынша Әлем чемпионатына аттанады.
Қазақстан командасының бас жаттықтырушысы Әлібек Мәжікенов Әлем кубогына дайындық жайлы сухбат берді.
Қазақстандық команда Әлем кубогына дайын. Фотосурет- Vesti.kz Николай Колесников©.
«Халықаралық Алматы әуежайы» АҚ командасының бас жаттықтырушысы Әлібек Мәжікенов Vesti.kz баспасына 21 наурыз бен 29 наурыз аралығында АҚШ-та өтетін жанкүйерлер арасындағы әлем кубогына дайындық туралы айтып өтті. Дәл осы команда өткен жылы аталмыш турнирге қатысу құқығын ұтып алған.
- Қазақстан алғаш рет осындай турнирге қатысады, ол жерде Ескі және Жаңа дүние командалары ойын көрсетеді - деді Әлібек Мәжікенов. Көңіл-күйіміз жақсы, қызықты ойынға дайынбыз. Командалар түрлі ұлттық футбол мектептерімен ұсынылған әр-түрлі ойын стилін насихаттайды, мен ойлаймын, біз жақсы мини-футбол ойындарына куә боламыз.
- Команданың алдына осы турнирге қатысты мақсат қойдыңыз ба?
Осы Әлем чемптонатына қатысудың өзі біз үшін үлкен нәтиже. Бізге тек осы белгіленген бағыт бойынша жүріп, ең үздік спорт ұжымы деген беделді жоғалтпау керек. Аталмыш турнирге біздің республикамыздың атынан шығу сенімі артылып отыр,- ал қазақстан авиациялық саласы атынан шығу бізге екі есе жағымды. Алматы әуежайы қазақстан әуежайларының арасындағы көшбасшы екендігі бәріне мәлім, әрине ол әуежай басшысы Бекмұхамбетов Айбол Әнуарұлының арқасы. Басшымыз салауатты өмір салты жағынан кәсіпорын ұжымына көп көңіл бөледі. Айтпақшы, әуежай Алматы кәсіпорындарының арасында 2015 жылы «Асыл Алма» номинациясында бірінші орынға ие болды. Тәні саудың-жаны сау демекші ол деген әуежайдың мыңдаған ұжымы үшін үлкен абырой және даму жолындағы үлкен қадам. Біз өз жеңістерімезбен Халықаралық Алматы әуежайын алға жылжытып қана қоймай басқа әуежайлар мен кәсіпорындарға спортты дамыту саласы мен салауатты өмір салты, сондай-ақ көпұлтты қазақстанның өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесіне үлгі боламыз. Ал мақсаттарға келсек, әрине топтан шығу мақсаты тұр. Топ құрамы бойынша күрделі. АҚШ- ол жердің қожайыны, яғни трибунаның қолдауымен ойнайды, Чехия- Еуропаның екінші командасы, Сальвадор «өз үйінде» ойнайды деп айтсақта болады.
- Осындай ірі сайысқа қатысу қарсаңында ойыншылар қаншалықты қобалжуда?
Осындай деңгейдегі сайысқа біз алғашқы рет қатысудамыз. Бұрын Қазақстан жанкүйерлер арасындағы әлем чемпионатына қатыспаған. Қобалжу жоқ, ең мықты ойыншыларымыз жиналды. Барлық жігіттер футбол алаңында бір-бірін жақсы түсінеді, үйлесімді ойнайды. Осының бәрі, менің ойымша, нақты нәтижеге жеткізеді. Бізге барлығы айқын болып тұр, командамыз алға қойған жолмен келеді. Алға қойған мақсаттарға жету үшін біз бар күшімізді саламыз.
- Өзіңіздің командаңыздың құрамы жайлы айтып өтсеңіз?
Командамыз жас, орташа жастары 20-дан 25-жасқа дейін. АҚШ-қа шығатын негізгі команда құрамы 19 адамнан тұрады, соның ішінде екі әлі жас ойыншы, олар енді әлем чемпионатының атмосферасын сезіну үшін бара жатыр. Қазақстан құрамасының барлық ойыншылары еліміздің әр жағынан келген, спорттық принциптер бойынша іріктелген. Осы әлем чемпионаты қазақстан мини-футболының деңгейін айқындап береді.
Қазақстан командасын жаттықтыру
- Сіз әлем кубогына қатысатын әр команданың өз бейнесі бар дегенсіз. Ал қазақстандық команданы қай бейнеде көреміз?
Мини-футбол жылдам, импульстік спорт түрі, тез шешім қабылдауға бағытталған қайратты, қарқынды ойын. Әрине ол ұжымдық ойын, ол ойыншылардан ынтымақты, үйлесімді талап етеді, осының барлығы нәтижеге өз әсерін тигізеді. Спортта кез-келген қате жағымсыз салдарға әкеліп соқтырады. Команда арасындағы психологиялық климат жақсы, команда ұшуға дайын. Футболшылар өте жиі ұшады, сондықтан осыған байланысты қолайсыздықтар еш қиындық туғызбайды. Жаттығулар түрлі жоспарда өтуде, табанды дайындыққа көп көңіл бөлінуде. Сапарға шығу алдында Алматы қаласының «Олимп» командасымен жодастық ойын жоспарланған.
- Сіздің командаңыз турнирлерде ойнағанына қанша жыл болды?Футбол өлшемімен алсақ, біздің команда жас - тек 3 жыл болды. Біз қалалық, республикалық, халықаралық турнирлерге үнемі қатысамыз. Осындай турнирлерде команда жақсы ойын тәжірибесін алады, ұжымдық рухы артып, өрлейді.
- Ұжымыңыз қалай құрылғаны есіңізде ме?
Бес жыл бұрын, қызмет бабымен біз Астанадан Алматыға көшіп келдік. Күнделікті өндірістік мәселелермен қатар мерекелік шараларда түрлі спорт түрлерінен сайыстар өткізіп жүрдік, сол арада әуежайдың әр қызметтерінде жұмыс істейтін дарынды, зерек жігіттер қосылып мини-футбол командасының негізін құрдық. Алматы қаласының климаттық жағдайы курорттық. Шуақты, жарық қала, сондықтан осындай қалада 180 –нен астам кәсіпорындарда Жанкүйерлер лигасында ойнайтын командалар бар болғаны таң емес. Бұл қала футболдың ордасы, бұл қалада барлығы салауатты өмір салтын ұстанады. Оңтүстік астана кәсіпорындарының барлық басшылары өз ұжымдарында салауатты өмір салтына көп көңіл бөлетіндігі қуантады.
Турнирге үш топқа бөлінген 12 елдің командасы қатысады. Қазақстан «А»тобына кірді, АҚШ, Сальвадор және Чехия командаларымен бірге. Бұл топтың матчтары Калифорния штаты, Онтэрио қаласының Citizens Business Bank Arena өтеді. 23 наурызда қазақстандықтар АҚШ командасына қарсы ойнайды, 24 наурыз-Чехия, ал 25 наурыз-Сальвадор командасына қарсы ойнайды.
Толық ақпарат: http://vesti.kz/mini/202232/
Сайт материалдарын пайдалану тек Vesti.kz сілтеме болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.