![]() |
CZ6012 | ҮРІМШІ | ![]() | 2018-04-24 21:50 | Тоқтатылды | ||
![]() |
KC887 | БЕЙЖІҢ | ![]() | 2018-04-24 22:20 | Отырғызу | ||
![]() |
OZ578 | СЕУЛ (ИНЧЕОН) | ![]() | 2018-04-24 23:10 | Тіркеу | ||
![]() |
Z92225 | ШЫМКЕНТ | ![]() | 2018-04-24 23:30 | Тіркеу |
![]() |
![]() |
||||||
|
![]() |
|
|||||||||||||
|
БЕКІТЕМІН VIP залдардағы жолаушыларға қызмет көрсетудің жария шарты Алматы қаласы «____»____________201_ж. «Халықаралық Алматы әуежайы» АҚ бұдан әрі «Орындаушы» деп аталатын Жарғы негізінде әрекет ететін Президент Айбол Әнуарұлы Бекмұхамбетов бірінші тараптан,–Халықаралық Алматы әуежайының VIP залдарында қызмет көрсетілетін тұлға бұдан әрі «Жолаушы» екінші тараптан, бұдан әрі ортақ атауы «Тараптар», төмендегілер туралы келісім шарт жасады: 1.КЕЛІСІМ ШАРТТЫҢ МӘНІ 1.1. Орындаушы Алматы қаласының Халықаралық әуежайының VIP залы арқылы ұшып келетін/ұшып кететін Жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсетуге міндеттенеді, ал Жолаушы осы Шарттың талаптарына сәйкес аталған қызметті төлейді. 2.ТАРАПТАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ 2.1. Орындаушы міндеттенеді: 2.1.1. «Халықаралық Алматы әуежайы» АҚ (ары қарай – «ХАӘ»АҚ) қолданысындағы технологияларға және бекітілген процедураларға сәйкес, «VIP» залдарында жолаушылар мен багажға қызмет көрсетуді жүзеге асыруға. 2.2. Жолаушы міндеттенеді: 2.2.1. Шарттың 3 тармағында қарастырылған талап негізінде Орындаушының көрсетілген қызметі үшін уақытылы төлемдерді жүзеге асыру; 3.ТӨЛЕМДЕРДІҢ ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ 3.1. Жолаушы төлемді несие картасымен, қолма-қол ақшамен, «ХАӘ» АҚ ресми сайтындағы онлайн төлем бойынша немесе «ХАӘ» АҚ Президентінің бұйрықтары мен өкімдерімен бекітілген қолданыстағы тарифтер негізінде Амадеус жүйесімен алдын ала брондау арқылы төлейді. VIP қызметінің төлемін қабылдау кезінде кассир фиксалды чегі бар түрлі алымдардағы түбіртекті екі данада рәсімдейді, екінші дананы Жолаушыға рейске өту кезінде береді. 4.VIP ЗАЛДАРДА ТАРИФТЕРДІ ҚОЛДАНУ ЖӘНЕ РӘСІМДЕУ ЕРЕЖЕЛЕРІ 4.1.12 жасқа дейін үлкендердің алып жүруінсіз саяхат жасайтын балаларға, үлкендерге қызмет көрсетуге арналған тариф қолданылады. 5. ФОРС-МАЖОР 5.1. Төтенше жағдай немесе Тараптардың өз күштерімен жеңе алмайтын күштер пайда болған жағдайда осы келісім шарт бойынша Тараптар өздеріне жүктелген толық немесе жартылай орындалмаған міндеттерді атқару жауапкершілігінен босатылады. Жеңе алмайтын күш жағдайларына мыналар жатады: соғыс немесе әскери әрекет, ереуіл, індет, жер сілкінісі, су тасқыны, мемлекеттік басқарма мен билік органдарының шешімдері мен актілері егер де бұл жағдайлар келісім шарт орындалуына тікелей әсерін тигізсе. 6. ДАУДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ 6.1. Шарт бойынша немесе Шартқа байланысты туындаған келіспеушілік пен даулы жағдайлар, Тараптардың тікелей келіссөздері арқылы шешіледі. Егер мұндай келіссөздер барысында Тараптар өзара келісімге келе алмаса, даулы мәселе, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібі бойынша шешіледі. 7. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ 7.1. Тараптар келісім шартқа қол қойғаннан бастап өздеріне алған міндеттерді толығымен немесе жартылай орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасының негізінде жауапкершілікке тартылады. 8. ШАРТТЫҢ ӘРЕКЕТ ЕТУ МЕРЗІМІ 8.1. Шарт жарияланған күннен бастап күшіне енеді. |
![]() |
![]() |
![]() |
Басқы бет | Кері байланыс | Сайт картасы © 2002-2018 «Халықаралық Алматы әуежайы»АҚ Қазақстан Республикасы. Барлық құқықтары қорғалған. |
![]() Орналасқан жері 050039, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Б.Майлин көшесі,2 |
Баспасөз қызметі:
Алматыдағы байланыс +7(727)2703333 |