Автотұрақ орнын беру бойынша қызмет көрсету туралы келісім шарт

ALMATY INTERNATIONAL AIRPORT

Халықаралық Алматы әуежайы, Алматы, Қазақстан

ICAO UAAA (ALA)

ХАӘ метеоқызметiнің мәліметтері бойынша Алматы әуежайы ауданындағы ауа температурасы

-6°С

+7(727)270-33-33

Қалааралық қоңыраулар үшін

Русский / English

Басына Қауіпсіздік Жаңалықтар Байланыс Баспасөз қызметі Авиаагенттік Тендерлер

БЕКІТЕМІН
«Халықаралық Алматы әуежайы»
акционерлік қоғамының президенті
__________________А.Бекмұхамбетов
«____»_________201 г.

Халықаралық Алматы әуежайында жеңіл автокөліктерге
тұрақ орнын беру бойынша қызмет көрсету туралы
___Жария шарты

Алматы қаласы                                                                                                                             «____»____________20__ж.

Бұдан былай «Қоғам» деп аталатын «ХАӘ» акционерлік қоғамы, өз қызметін Жарғы негізінде жүзеге асыратын Президент А.Ә.Бекмұхамбетов бір тараптан, және бұдан былай «Клиент» деп аталатын «Халықаралық Алматы Әуежайы» Акционерлік қоғамының вокзал маңындағы алаңға және жабық тұраққа кіріп, көлікті тұраққа қоятын тұлға екінші тараптан төмендегі туралы осы шартты жасады:

1. ШАРТТЫҢ МӘНІ

1.1. «Қоғам» Халықаралық Алматы әуежайының жолаушылар терминалы маңындағы алаңға кіру бойынша қызмет көрсетуге, сондай-ақ Алматы қаласы, Майлин көшесі,1 мекенжайында орналасқан жолаушылар терминалының ашық тұрағында және жабық тұрақ кешенінде Клиенттің автокөлігін қоятын тұрақ орнын беруге, ал Клиент осы Шарт жағдайларына сәйкес көрсетілген қызметке ақы төлеуге міндеттенеді.
1.2. Шарт мақсатының түсінігі:
«тұрақ» - Алматы қаласы Халықаралық әуежайының вокзал маңындағы алаңға және жабық тұрақ кешеніне жеңіл автокөліктердің кіру, шығу, тоқтау және тұраққа тұру әрекеттері;
«тұраққа қою картасы»- микропроцессорлы пластик карта, кіру және шығу уақыты туралы, сондай-ақ электронды терминал арқылы қызмет ақысын төлегені туралы ақпарат тасымалдаушы;

2.ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Қоғам міндеттенеді:

2.1.1. Клиент автокөлігін жолаушылар терминалының ашық тұрағына және жабық тұрақ кешеніне кіруді қамтамасыз етуге;
2.1.2. Клиент автокөлігін тұрақ орындарымен қамтамасыз етуге;
2.1.3. автокөлік орындарын, жүру бағытын және автокөліктерді тұраққа қоюға тыйым салынған орындар мен аялдамаларды жол белгілерімен белгілеуге;
2.1.4. Қол жетерлік орындарда, сонымен қатар Халықаралық Алматы әуежайының вокзал алаңының кіреберісіне қызмет құны туралы ақпаратты орналастыруға;

2.2. Қоғам құқығы:

2.2.1. Клиенттің автокөлігін қоятын тұрақ орнын беруге техникалық жағдай болмаған кезде осы шартты жасаудан бас тартуға;
2.2.2. автокөлікті тұраққа тек белгіленген орынға қоюын талап етуге;
2.2.3.Клиенттен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген өрт қауіпсіздігін және санитарлық нормаларын сақтауды талап етуге;
2.2.4. Қоғамға келтірген шығындарды өтеуді талап ету;
2.2.5. Клиент көрсетілген қызметке ақы төлеуден бас тартқан жағдайда, құқық бұзушылық немесе қылмыс жасаған жағдайда Уәкілетті мемлекеттік орган қызметкерлері келгенше Клиенттің автокөлігін тоқтатып қоюға.

2.3. Клиент міндеттенеді:

2.3.1. көрсетілген қызмет ақысын уақтылы және толық көлемде төлеуге;
2.3.2. көлікті тұраққа тек арнайы белгіленген жерге қоюға;
2.3.3. автокөлікті тыйым салынған жерлерге қоймауға, сонымен қатар кіретін, шығатын және өтетін жерлерге, сондай-ақ басқа көліктерге кедергі келтіріп, кептеліс тудыратын жерлерге көлік қоймауға;
2.3.4. Халықаралық Алматы әуежайының жолаушылар терминалының вокзал аумағындағы ашық тұраққа автокөлікті бір тәуліктен аса уақытқа қалдырмауға;
2.3.5. Қоғамға келтірген шығынды өтеуге;
2.3.6. Осы Шартта белгіленген жағдайлар бойынша Клиент автокөлігін көшіруге (эвакуация) байланысты шығындарды Қоғамға өтеу;
2.3.7. Төтенше жағдайлар кезінде Клиент автокөлігін көшіру шараларын қолдануға;

2.4. Клиент құқығы:

2.4.1. Шарт жасаудан бұрын қызмет құны туралы, бос тұрақ орындары және қозғалыс бағыты жайлы ақпаратты алуға;
2.4.2. Қоғам мүлкіне келтірілген шығынды өтеу құны, сондай-ақ Клиент автокөлігін көшіруге байланысты шығындар бағасы туралы ақпарат алуға.

3. ШАРТ ТАЛАПТАРЫ

3.1. Осы Шарт Халықаралық Алматы әуежайының вокзал маңындағы алаңға кірген сәттен бастап жасалды деп есептеледі.
3.2. Осы Шарт Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 387 бабына сәйкес Жария шарт болып табылады.

4. АҚЫ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ МЕН МЕРЗІМІ

4.1.Осы шарт бойынша қызмет көрсету құны Қоғамның нормативтік актілерімен белгіленеді, ҚҚС-пен қоса алғанда.
4.2. Клиент көлігінің тұрақта тұру уақытын есептеу жұмыстары сағат және тәулік бойынша кіріп тұрақ картасын алған сәттен бастап шығып тұрақ картасын қайтару сәтіне дейін есептеледі.
4.3. Клиент ақыны қызмет көрсетілгеннен кейін төлейді.
4.4. Тұрақ картасы жоғалу немесе бүліну салдарынан кіру уақытын анықтау мүмкіндігі болмаған жағдайда, ақы тәулік бойына екі тәуліктен кем емес уақытқа, автокөліктің нақты тұрған уақыты бойынша төленеді.

5. ТАРАПТАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ

5.1.Қоғам және Клиент Осы шартта көрсетілген міндеттерді орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
5.2. Клиент мүлігінің жоғалғаны, ұрланғаны және бүлінгені үшін, сонымен қатар Клиент автокөлігіндегі заттардың жоғалғаны үшін Қоғам жауап бермейді.
5.3. Тараптар төтенше жағдай, сонымен қатар тылсым күштер (апат құбылыстары, зілзала, оқыс жағдайлар және т.б.), орын алған жағдайларда осы шартта белгіленген міндеттерді орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

6. ШАРТТЫҢ ӘРЕКЕТ ЕТУ МЕРЗІМІ

6.1. Шарт бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
6.2. Шарт белгіленбеген мерзімге жасалады және Тараптар міндеттемелерін орындағанша әрекет етеді.

Тарифтерді бекіту туралы

Жолаушыларға ұшып кету және ұшып келу барысында қолайлы жағдай жасау мақсатында, Халықаралық Алматы әуежайының вокзал маңындағы алаңды және жабық тұрақ кешенін оңтайлы қолдану үшін, ХАӘ жеңіл автокөліктерге тұрақ қызметін көрсету бойынша № Жария шартының (ары қарай-Шарт) 4-бөліміне сәйкес белгіленген өрт қауіпсіздігі және авиациялық қауіпсіздік талаптарын орындау мақсатында,

БҰЙЫРАМЫН:

1. Жеңіл автокөліктерді тұраққа қою тарифы келесі мөлшерде кіру және шығу уақытын есепке алу және ҚҚС-пен бекітілсін:
-вокзал маңындағы алаңда:
- 1 сағатқа дейін- 100 (жүз) теңге;
- 1 сағаттан астам, бірақ 2 сағаттан аспайтын уақытқа- 200 (екі жүз) теңге;
- 2 сағаттан астам, бірақ 4 сағаттан аспайтын уақытқа-400 (төрт жүз) теңге;
- 4 сағаттан астам, бірақ 12 сағаттан аспайтын уақытқа-600 (алты жүз) теңге;
- 12 сағаттан астам 24 сағаттан аспайтын уақытқа- 1500 (мың бес жүз) теңге;
Жабық тұрақ кешенінде:
Бір тәулікке- 1000 (мың) теңге, бір тәуліктен кейінгі 6 сағатқа дейінгі әр сағатқа - 50 (елу) теңге. Алты сағаттан астам уақытқа ақы толық тәулікке төленеді.
-Жабық тұрақ кешенінің маңындағы аймақта:
Бір тәулікке - 800 (сегіз жүз) теңге, бір тәуліктен кейінгі 6 сағатқа дейінгі әр сағатқа- 50 (елу) теңге. Алты сағаттан астам уақытқа ақы толық тәулікке төленеді.
-Халықаралық Алматы әуежайының аумағында қызмет ететін тұлғалар үшін:
-бір күнтізбелік айға-24000 (жиырма төрт мың) теңгеден, шарт негізіндегі тұрақ орындары санына байланысты 10000 (он мың) теңгеден кем болмауы тиіс.
2. Көлік автотұрағының қызметін пайдаланатын тұлғалар тұрақ картасын жоғалтып, автокөліктің кіру уақыты анықталмаған кезде, автокөлік тұрағының ақысы нақты уақыт бойынша екі тәуліктен кем емес тәулікке төленсін.
3.Авиациялық қауіпсіздік қызметі және Сервистік көрсету қызметінің бастықтары автокөлікті тыйым салынған орынға қойдырмау үшін кешенді алдын алу шараларын өткізсін. Тыйым салынған орынға, сонымен қатар кіру, шығу және өту жолдарына автокөлік қойылған жағдайда дереу жол полициясы қызметіне хабарласын.
4. Өз қызметтерін Халықаралық Алматы әуежайында орындайтын ҚР мемлекеттік органдары мен арнайы қызметтердің автокөліктері тұраққа тегін қойылады. Бұл автокөліктердің кіру/шығу тәртібі «Халықаралық Алматы әуежайы» АҚ басқа да нормативтік құжаттарымен анықталсын.
5. «Вокзал маңындағы тұрақ пен жабық тұрақты пайдалану туралы» Халықаралық Алматы әуежайы акционерлік қоғамының 2010 жылғы 3 наурыздағы № 40 және 2010жылғы 21 маусымдағы № 144 бұйрықтардың күші жойылды деп есептелсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Коммерциялық директор А.М. Мәжікеновке жүктелсін.
7. Бұйрық қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.
8. Бұйрықтың мазмұны мүдделі тұлғаларға жеткізілсін.
9. Сервис көрсету қызметінің бастығы Халықаралық Алматы әуежайындағы тұрақтарды пайдаланатын тұлғаларға Осы бұйрықтың 1 тармағында көрсетілген тарифтермен таныстыруды қамтамасыз етсін.

Президент                                                                         А.Ә. Бекмұхамбетов

Басқы бет | Кері байланыс | Сайт картасы

© 2002-2017 «Халықаралық Алматы әуежайы»АҚ

Қазақстан Республикасы. Барлық құқықтары қорғалған.

Байланыс ақпараты

Баспасөз қызметі:
+7(727)2703391

info@alaport.com

Алматыдағы байланыс
телефонымыз

+7(727)2703333

4205 KC889318°С2017-12-14
08:10

13
4205 KC307594-20°С2017-12-14
08:10

33
4205 KC851501°С2017-12-14
08:45

31
0360 IQ357501°С2017-12-14
09:05

10
Загрузить Adobe Flash Player

Жақын арадағы 4 рейс

ары қарай...