Тұрмыстық тұтынушыларға арналған электрмен жабдықтаудың үлгілік шарты

ALMATY INTERNATIONAL AIRPORT

Халықаралық Алматы әуежайы, Алматы, Қазақстан

ICAO UAAA (ALA)

ХАӘ метеоқызметiнің мәліметтері бойынша Алматы әуежайы ауданындағы ауа температурасы

+22°С

+7(727)270-33-33

Қалааралық қоңыраулар үшін

Русский / English

Басына Қауіпсіздік Жаңалықтар Байланыс Баспасөз қызметі Авиаагенттік Сатып Алу

Тұрмыстық тұтынушыларға арналған электрмен жабдықтаудың үлгілік шарт

Алматы қаласы                                                                                                                             «____»____________201_ж.

2009 ж. 10 шілдесіндегі №000473 «Электрмен қамтамасыз ету мақсатында электр энергиясын сатып алу» лицензиясына сәйкес тұтынушыларды электрмен қамтамасыз етуді жүзеге асыратын «Халықаралық Алматы әуежайы» АҚ бұдан әрі «Жеткізуші» деп аталатын 23.06.2017 ж. №16/35-51 сенімхат негізінде әрекет ететін Бірінші вице-президент Қ.М.Тұмышев бір тараптан, және бұдан әрі «Тұтынушы» деп аталатын, ___________________________________________________________ атынан өз қызметін өз қызметін ____________________ негізінде жүзеге асыратын, __________________________бұдан әрі Тараптар деп аталатын, төмендегі туралы осы электр энергиясымен қамтамасыз ету (әрі қарай-шарт) шартын жасады: 

1-тарау. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар

1. Осы Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) есептік кезең - тұтынылған электр энергиясы есепке алынатын және тұтынушыға төлеу үшін ұсынылатын электрмен жабдықтау шартымен айқындалатын уақыт кезеңі;
2) тұрмыстық тұтынушы - электр энергиясын тауарларды, жұмыстарды өндіруге (сатуға) және көрсетілетін қызметтерді ұсынуға байланысты емес өзінің тұрмыстық мұқтаждары үшін пайдаланатын жеке тұлға;
3) коммерциялық есепке алу аспабы - электр қуатын, электр немесе жылу энергиясын коммерциялық есепке алуға арналған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген техникалық құрылғы;
4) электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесі - электр энергиясы мен қуаты шығынын анықтауға арналған коммерциялық есепке алу құралдарының жиынтығы (электр энергиясын есептеуіш, ток пен кернеудің өлшеу трансформаторлары) және өзара белгіленген схема арқылы жалғанған құрылғы (коммутациялық аппарат);
5) электр энергиясын сату нүктесі - энергиямен жабдықтаушы ұйыммен электр энергиясын беру туралы шарты бар энергия беруші ұйымның жауапкершілігі шекарасында орналасқан нүкте.
Осы Шартта қолданылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының электр энергетикасы мен табиғи монополиялар саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

2-тарау. Шарттың мәні

2. Сатушы сату нүктесіне дейін Тұтынушыға электр энергиясын беруге міндеттенеді, ал Тұтынушы осы Шарттың тәртібі мен талаптарына сәйкес тұтынған электр энергиясы үшін ақы төлеуге міндеттенеді.
3. Шарт Тұтынушымен оның Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен энергия беруші ұйымның желісіне тікелей қосылған жабдығы мен коммерциялық есепке алу аспаптары болған жағдайда ғана жасалады.

3-тарау. Тұтынылатын электр энергиясын есепке алу

4. Сатушы берген және Тұтынушы қабылдаған электр энергиясының көлемі коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткішімен, ал олар болмаған немесе уақытша бұзылған кезде - есептік жолмен анықталады.
5. Коммерциялық есепке алу аспаптарының саны осы Шартқа қосымшаға сәйкес коммерциялық есепке алу аспаптарының тізбесінде көрсетіледі.
6. Коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алуды Сатушының, энергия беруші ұйымның өкілдері сағат 21-00-ден кешіктірмей жүргізеді. Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін пайдалану барысында аспаптардың көрсеткіштерін қашықтықтан алу кез келген уақытта жүзеге асырылуы мүмкін.
Есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін Тұтынушы өз бетімен шеше алады. Көрсеткішті шешу барысында және төлеу құжаттарын төлеу барысында Тұтынушы жіберген қателерді Сатушы және (немесе) энергия беруші ұйым олардың анықталуы бойынша және алты айдан аспайтындай мерзім ішінде есепке алады.

4-тарау. Электр энергиясы үшін ақы төлеудің тәртібі

7. Тұтынушы төлемді Сатушы берген төлем құжаты негізінде есептік айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей жүргізеді. Есептік кезең бір күнтізбелік айды құрайды.
Смарт-картасы бар коммерциялық есепке алу аспаптарын қолдануға негізделген электр энергиясының автоматтандырылған коммерциялық есепке алу жүйесі болған жағдайда, Тұтынушы тұтынған электр энергиясы үшін төлемді төлем құжатынсыз өз бетінше анықтаған көлемде өтейді.
8. Жаңа тарифтерді қолданысқа енгізу тұтынушыларға 3 (үш) күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы алдын ала хабарлағаннан кейін жүзеге асырылады және осы шартты қайта жасасу үшін негіз болып табылмайды.

5-тарау. Тұтынушының құқықтары мен міндеттері

9. Тұтынушы:
1) жасалған шарттарға сәйкес электр энергиясын алуға;
2) жасалған шарттардың талаптарына сәйкес энергия өндiрушi, энергия берушi және энергиямен жабдықтаушы ұйымнан электр энергиясын жеткiзбеуден немесе сапасыз жеткiзуден келтiрiлген нақты нұқсанның орнын толтыруды талап етуге;
3) шарттар жасасуға және оларды орындауға байланысты даулы мәселелердi шешу үшiн сотқа жүгiнуге;
4) тұтынылған электр энергиясы үшiн сараланған тарифтiк есепке алу жүйелерi бойынша ақы төлеудi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзуге құқылы.
10. Тұтынушы:
1) тұтынушылардың меншiгiндегi электр және энергия қондырғыларының және коммерциялық есепке алу аспаптарының тиiсiнше техникалық жай-күйін ұстап тұруға, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес олардың техникалық жай-күйіне қойылатын талаптарды орындауға;
2) электр энергиясын сатып алу-сату шартында айқындалған энергия тұтыну режимдерiн сақтауға;
3) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесiндегi электр энергиясының стандарттық жиiлiгiн ұстап тұруға бағытталған нормативтiк талаптарды орындауға;
4) жасалған шарттарға сәйкес босатылған, берiлген және тұтынылған электр энергиясының ақысын уақтылы төлеуге;
5) энергиямен жабдықтаушы және энергия берушi ұйымдардың жұмыскерлерiн коммерциялық есепке алу аспаптарына, сондай-ақ мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi органның жұмыскерлерiн, жергілікті атқарушы органдардың уәкілетті өкілдерін электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйiн және пайдалану қауiпсiздiгiн бақылауды жүзеге асыру үшiн жiберуге міндетті.

6-тарау. Сатушының құқықтары мен міндеттері

11. Сатушы, энергия беруші ұйымды қатыстыру арқылы:
1) Тұтынушы немесе оның өкілі алған фактісін растауға мүмкіндік беретін жазбаша хабарлау арқылы электр энергиясын беру тоқтатылғанға дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын жазбаша ескерту шартымен Тұтынушы пайдаланған энергияны төлемеген жағдайда шартты орындауды тоқтата тұруға;
2) шартты жасаумен немесе орындалуымен байланысты даулы мәселелерді шешу үшін сотқа жүгінуге құқылы.
12. Сатушы:
1) жасалған Шарттарға сәйкес электр энергиясын беруге;
2) Тұтынушыға келтірілген нақты залалды толық көлемде өтеуге;
3) Тұтынушы немесе оның өкілі алған фактісін растауға мүмкіндік беретін тәсілмен төлемегіні үшін электр энергиясын беруді тоқтата тұрғанға дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын жазбаша хабарлауға;
4) бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру орналастыру арқылы, сондай-ақ төлем құжаттарындаға осы өзгерістерді көрсете отырып, электрмен жабдықтау қызметтеріне тарифтер, олардың өзгеруі туралы Тұтынушыны хабардар етуге;
5) Тұтынушыдан оған ұсынылатын электр энергиясы үшін өз кассалары арқылы, сондай-ақ банк операцияларының жеке түрлерін көрсететін банктер мен ұйымдар арқылы төлем қабылдауды қамтамасыз етуге;
6) тұтынған электр энергиясының төлемін өтеу үшін Тұтынушыға ай сайын төлем құжатын ұсынуға;
7) жабдықты жөндеу және жаңа тұтынушыларды қосу бойынша жоспарлы жұмыстарды жүргізу үшін Тұтынушыны электр энергиясымен жабдықтауды тоқтату туралы ажыратудан күнтізбелік үш күн бұрын жоспарлы тоқтату туралы хабардар етуге;
8) табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісілген тарифтер бойынша электр энергиясын беруге міндетті.

7-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

13. Электрмен жабдықтау шарты бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, тараптар нақты келтірілген зиянды өз еркімен өтеуге немесе келіспеген жағдайда сот шешімі бойынша өтеуге міндетті.
14. Тараптар форс-мажор (зілзалалар, әскери әрекеттер, террористік актілер) жағдайларынан туындаған, сонымен қатар тараптардың еркінен тыс болған түрлі (электр беру желілерінің және басқа жабдықтардың зақымдалуы немесе ұрлануы) жағдайларда электр энергиясын берудегі үзілістер үшін материалдық жауапты болмайды.

8-тарау. Қорытынды ережелер

15.Шарт Тұтынушыны белгіленген тәртіпте жалғанған желіге қосылу сәтінен бастап жасасқан болып есептеледі.
Шартқа тараптар қолдарын қояды, әрі ол бір жыл мерзімге қолданылады.
Шарттың мерзімі аяқталғаннан кейін тараптардың бірі Шартты тоқтату немесе өзгерту туралы өтінім білдірмеген жағдайда, Шарт белгіленбеген мерзімге және жасасқан кездегі талаптарымен ұзартылған болып есептеледі.
Шарт Тараптардың келісімі бойынша өзгертілуі мүмкін.
16. Осы Шарттың талаптарын орындауға байланысты Сатушы мен Тұтынушы арасындағы барлық даулы мәселелер туындаған жағдайда, Сатушы 3 (үш) жұмыс күні ішінде даулы мәселені өз еркімен шешу үшін Тұтынушыға хабарлайды.
17. Шартқа тараптардың келісуімен енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар Шарттың ережелеріне қайшы келмеуі тиіс, олар қосымша келісім түрінде ресімделеді, тараптардың уәкілетті өкілдерінің қолы қойылып, заңнамада белгіленген тәртіп бойынша ресімделеді.

9-тарау. Тараптар деректемелері

Сатушы
« Халықаралық Алматы әуежайы» АҚ
050039, Алматы қ. Майлина 2 көш.
Кеңсе тел/факс: 8 (727) 388-86-77, 388-86-78
Бас есепші тел.: 8 (727) 388-85-55
Есепші тел.: 8 (727) 388-85-85
ҰЭЖТҚ қызметі:
ҰЭЖТҚ қ. Бастығы тел.: 8 (727) 388-84-66 388-86-83
тәулік бойы 383-88-29
БИН 950 440 001 445
ЖСК KZ276010131000122359
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
БСК HSBKKZKX
резиденттік белгі-1
экономика бөлімінің коды – 7



_______________________ Қ.М. Тұмышыв
м.п.
«_____» ____________ 201_ г.
Тұтынушы



















_______________________
м.п.
«_____» ____________ 201 г.

Тұрмыстық тұтынушыларға
арналған электрмен жабдықтаудың
үлгілік шартына қосымша

Коммерциялық есепке алу аспаптарының тізбесі

№ р/р Атауы Есептеуіш типі Зауыттық нөмірі Ток трансформаторлары Коэффициентті есептеу
1 2 3 4 5 6
      
Энергия беруші (энергия өндіруші)                                                 Тұтынушы:
ұйым
_________________________                                                           ______________________

Басқы бет | Кері байланыс | Сайт картасы

© 2002-2018 «Халықаралық Алматы әуежайы»АҚ

Қазақстан Республикасы. Барлық құқықтары қорғалған.

   

Байланыс ақпараты

Баспасөз қызметі:
+7(727)2703391

info@alaport.com

Алматыдағы байланыс
телефонымыз

+7(727)2703333

ЭЙР АСТАНА KC889АТЫРАУ20°С2018-08-16
02:05

2018-08-16 02:09
Ұшып кетті
ТУРЕЦКИЕ АВИАЛИНИИ TK3001АНТАЛИЯ26°С2018-08-16
03:40

Тіркеу
ЛЮФТГАНЗА LH647ФРАНКФУРТ19°С2018-08-16
04:00

Тіркеу
Flydubai FZ736ДУБАЙ34°С2018-08-16
04:20
2018-08-16 04:55
Тіркеу
Загрузить Adobe Flash Player

Жақын арадағы 4 рейс

ары қарай...