Сақтау қоймасының қызметін көрсету туралы Жария шарт

ALMATY INTERNATIONAL AIRPORT

Халықаралық Алматы әуежайы, Алматы, Қазақстан

ICAO UAAA (ALA)

ХАӘ метеоқызметiнің мәліметтері бойынша Алматы әуежайы ауданындағы ауа температурасы

+26°С

+7(727)270-33-33

Қалааралық қоңыраулар үшін

Русский / English

Басына Қауіпсіздік Жаңалықтар Байланыс Баспасөз қызметі Авиаагенттік Тендерлер

БЕКІТЕМІН
«Халықаралық Алматы әуежайы» акционерлік қоғамының
Президенті
_______________________А.Ә.Бекмұхамбетов
«____»___________________________2010жыл

Алматы қаласы Халықаралық Алматы әуежайы уақытша
сақтау қоймасының қызметін көрсету туралы
№ ________Жария шарт

Алматы қаласы

Бұдан былай «Қоғам» деп аталатын «ХАӘ» акционерлік қоғамы, өз қызметін Жарғы негізінде жүзеге асыратын Бірінші басшы бір тараптан, және бұдан былай «Клиент» деп аталатын Қоғамның уақытша сақтау қоймасындағы тауарларды алушы болып табылатын тұлға екінші тараптан, ары қарай «Тараптар», төмендегі туралы осы шартты жасады:

1. Шарттың мәні

1.1.Қоғам белгілі сыйақыға Клиенттің шетелдік тауарларын Қоғамның уақытша сақтау қоймасында кедендік процедураларға сәйкес, кедендік орган осы тауарды шығарғанша немесе кедендік одақтың кедендік заңнамасында және ҚР заңнамасында қарастырылған басқа әрекет орындалмағанша Осы шартта белгіленген шарттар бойынша сақтау қызметін көрсетеді.

2. Жалпы ережелер

2.1. Шетелдік тауар (ары қарай-тауар) дегеніміз ол кедендік одақтың кедендік шекарасы арқылы тасымалданатын жылжымалы мүлік, оның ішіне көлік құралдары, сүйемелдеу арқылы тасымалданатын жеке пайдалану тауарлары, жедел-жүктер, халықаралық пошта жөнелтімдері, ақпарат тасымалдаушылары, валюта, құнды қағаздар мен (немесе) валюталық құндылықтар, сонымен қатар басқа да тасымалданатын жылжымайтын мүлікке теңелетін заттар.
2.2. Осы шартта қолданылатын негізгі ұғымдар ҚР Азаматтық, Кедендік және басқа да заңнама салаларында пайдалантын мағынада, сонымен қатар ҚР бекітілген Халықаралық шарттарға сәйкес қолданады.
2.3. Уақытша сақтау қоймасы (ары қарай-қойма)-Қоғамның меншігіндегі, шаруашылық және жедел басқарудағы немесе жалға алынған, уақытша сақтау қоймалары ретінде пайдалантын, кедендік заңнаманың барлық талаптарына сай үй-жайлар мен ашық алаңдар. Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Закарпатский көшесі, 51 үй.
2.4. Тауарларды уақытша сақтау қызметі дегеніміз ол-Қоғам көрсететін қызметтер, оның ішінде тауарды сақтау, уақытша сақталатын жүкті тиеу/түсіру жұмыстары, сонымен қатар кедендік органның уәкілетті лауазымдық тұлғасының талабы бойынша орындалатын және осы шарттың міндеттемелерін орындаумен байланысты операциялар.

3. Тауарды Уақытша сақтау қоймасына орналастыру

3.1. Тауарды қойма аумағына орналастыру жұмыстары тәулік бойы орындалады.
3.2. Тауар мен көлік құралдардың Уақытша сақтауға орналастырылғанын растайтын құжаттарды тіркеу жұмыстары ҚР кедендік заңнамада белгіленген тәртіппен іске асырылады.
3.3. Тауар қоймаға Тасымалдаушы тапсырған саны мен сапасы бойынша қабылданады. Тасымалдаушы Қоғамға тапсырған тауар саны, сапасы және жағдайы көлік құжатындағы көрсеткішке сәйкес келмеген жағдайда, сонымен қатар қаптамасы бүлінген, тауар бұзылған жағдайда, нақты саны, қаптаманың сипаты және тауардың салмағы көрсетілген акті жазылып, бір данасы Клиентке беріледі.

4. Уақытша сақтау қоймасынан тауарды беру

4.1.Тауарларды қоймадан беру жұмыстары тәулік бойы жүзеге асырылады.
4.2.Қоймадағы тауар Клиенттің өкіліне ҚР заңнамасына сәйкес ресімделген сенімхатқа сәйкес беріледі.
4.3. Клиент көрсетілген қызметке ақы төлеп, кедендік органның тауарды кедендік процеруларға сәйкес берілгені жайлы, Кедендік одақ және ҚР заңнамасында қарастырылған, сонымен қатар ҚР бекітілген халықаралық шарттарға сәйкес шешімін растайтын құжатты ұсынғаннан кейін қоймадағы тауар Клиентке беріледі.

5. Тараптардың міндеттері мен құқықтары

5.1.Қоғам міндетті:

5.1.1.Тасымалдаушыдан тауарды қабылдап, кедендік заңнамада қарастырылған тәртіп пен мерзімде уақытша сақтауға орналастыруға;
5.1.2.Кедендік заңнамаға сәйкес тауарларды уақытша сақтауға орналастыруды тіркеуді қамтамасыз етуге;
5.1.3.Тауарды орналастыру сәтінен бастап Клиент тауарын алып кеткен сәтіне дейін тауардың сақталуын қамтамасыз етуге;
5.1.4. тауарды алу, талдау және үлгісін алу үшін Клиенттің өкіліне, қажет болған жағдайда жүк тасымалдайтын көлік құралына уақытша сақтау қоймасының аумағына кіру рұқсатын беруді қамтамасыз етуге;
5.1.5.Жүкті тиеу және түсіру жұмыстарын орындау үшін қажетті персонал, техника және жабдықпен қамтамасыз етуге;
5.1.6.Тауардың уақытша сақтау қоймасына орналасқаны жайлы Клиентке ақпарат беруге;
5.1.7.Тауарды сақтауға қажетті жағдай жасауға;
5.1.8.қажетті кедендік операцияларды орындау үшін, тауарды қоймаға орналастыру сәтінен бастап бір тәулік бойына ақысыз сақтауды қамтамасыз етуге; телеграмма арқылы хабарланған күнтізбелік күн немесе тауардың құжаттарын алған күн -Тауардың қоймаға орналасу сәті болып есептеледі.
5.1.9. өз есебінен тауарды тексеру, оның санын анықтау, жағдайын білу және үлгісін алу жұмыстарын Кедендік заңнамада карастырылған тәртіпте орындау үшін Клиентке мүмкіндік жасауға;
5.1.10.Клиенттің келісімісіз тауарды үшінші тарапқа бермеуге, ҚР заңнамасымен қарастырылған жағдайлардан тыс.
5.1.12.Уақытша сақтау қоймасына орналастырылған тауарларға растайтын құжаттарды беруді қамтамасыз етуге;
5.1.13.Сақтаудағы тауарларды есепке алуды жүргізу және кедендік органдарға ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы, кедендік заңнамада қарастырылған тәртіпке сәйкес есеп беру;
5.1.14.Кедендік органның рұқсатынсыз сақтаудағы тауарларға бөгде тұлғаларды кіргізбеу;
5.1.15.Клиенттің талабы бойынша УСҚ иелерінің реестріне енгізілгені туралы куәліктің көшірмесін ұсыну.
5.1.16.Клиентке ақы төлеу шотын және фактура-шотын ҚР Салық заңнамасында қарастырылған тәртіп пен мерзімде беру, сонымен қатар Клиенттің талабы бойынша тоқсан сайын өзара есеп айырысулардың салыстырмалы актісін ұсынуға.

5.2.Қоғам құқығы:
5.2.1.Клиенттен уақытша сақтау қоймасынан тауарды алу үшін қажет құжаттар мен мәліметтерді талап етіп, алуға;
5.2.2.Тауарды сақтау бойынша шығындарды өтеу және Клиент мүддесі бойынша қосымша көрсетілген қызметтерге ақы талап етуге;
5.2.3.Осы шартың 5.2.2. тармағына сәйкес қызмет ақысын толығымен төлемеген жағдайда, соның ішінде бөліп төленген жағдайда, егер нақты көрсетілген қызмет ақысы Клиент құйған алдынала төлем мөлшерінен асқан жағдайда тауарды бермей ұстауға;
5.2.4. Клиент немесе тасымалдаушы тауардың қауіптілігін жасырып, тааурды сақтау жағдайының ерекшеліктері туралы хабардар етпеген жағдайда, Осы шартты орындаудан бас тартуға;
5.2.5.Клиент өз тауарын алудан бас тартқан жағдайда бір ай бұрын хабарлау арқылы ҚР заңнамасында қарастырылған тәртіпке сәйкес сақтауда тұрған тауарларды сатуды талап етуге;
5.2.6. егер де Клиенттің іс-әрекеттері кедендік және (немесе) басқа заңнама талаптарына, осы шарттың талаптары мен шарттарына қайшы келген жағдайда бір жақтық тәртіппен осы шартты бұзуға немесе оны толығымен орындаудан бас тартуға;

5.3. Клиент міндетті:
5.3.1. қоймадағы тауарды алу үшін Қоғамға қажетті құжаттарды ұсынуға;
5.3.2.Қоғам көрсеткен қызметтерге уақтылы ақы төлеуге және тауарды сақтау, жүкті тиеу/түсіру және Клиенттің сұрауы бойынша қосымша жұмыстарды орындау бойынша шығындарды өтеуге;
5.3.3.Кедендік заңнамада қарастырылған уақытша сақтау қоймасына орналастырылған тауарды декларациялау, және уақытша сақтау мерзімі өткенше тауарды алуға;

5.4.Клиенттің құқығы:
5.4.1.Тауардың сақталуын қамтамасыз етуге қажетті процедураларды, сонымен қатар тауарды өлшеуге және тексеруге;
5.4.2.Уақытша сақтауға орналастырылған тауарға қатысты ақпараттар мен құжаттарды Қоғамнан талап етуге;
5.4.3.Қоғам кінәсінан уақытша сақтауға орналастырылған таурлар бүлінген немесе жоғалған жағдайда ҚР заңнамасының тәртібіне сәйкес келтірілген зиянды қайтаруды талап етуге;

6. Тауарларды уақытша сақтау мерзімі

6.1.Тауарларды уақытша сақтау мерзімі екі айды құрайды, егер жеке тауар санаттарына кедендік заңнамада басқадай мерзім көрсетілмеген жағдайда.
6.2.Кедендік орган сақтау мерзімін ұзартқан жағдайда тауарды уақытша сақтаудың шекті деңгейі 4 айдан аспау керек, ал жолаушы алмаған немесе талап етпеген багаж мерзімі 6 айдан аспауға тиіс.
6.3.Тауарларды уақытша сақтау мерзімі кедендік орган құжаттарды тіркеген күнінен кейінгі күннен бастап есептеледі.

7. Есеп айырысу тәртібі

7.1.Клиент Қоғам көрсеткен қызмет құнын Қоғамның нормативтік актілерімен белгіленген тарифтерге сәйкес УСҚ тауарды беру күнінен кешіктірмей төлейді.
7.2.Қоғам көрсеткен қызметке ақы төлеу жұмыстары қолма-қол ақшамен және аударым арқылы, сонымен қатар Қоғамның есеп шотына аванстық төлем құю арқылы орындалады.
7.3.Түбіртек реестрі қосылған фактура-шот ҚР салық заңнамасында көрсетілген тәртіпке және мерзімге сай беріледі.
7.4.Қызмет құнын төлеу шоты мен фактура-шотты Клиент Қоғамның бухгалтерия бөлімінен өз бетімен алады.
7.5.Қоғам көрсеткен қызмет тарифтері нақты белгіленген болып табылмайды және де Осы шарттың әрекет ету мерзімінде өзгеруі мүмкін. Қызмет көрсету тарифтері өзгерген жағдайда, бұндай өзгертулер Қоғамның тарифтерді өзгерту туралы нормативтік актілері күшіне енген күннен бастап бес күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

8.Тараптардың жауапкершілігі

8.1.Осы шарттың міндеттемелерін орындамаған немесе толығымен орындамаған жағдайда тараптар ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
8.2.Кінасы дәлелденген жағдайда, Қоғам уақытша сақтауға орналастырылған тауардың жоғалғаны, бүлінгені, бұзылғаны үшін жаупты, сонымен қатар Тауардың орналасқан сәтінен бастап оны берген сәтке дейін кедендік органдардың рұқсатынсыз берілген немесе кедендік төлемдер мен салық құны үшін жауапты.
8.3.Егер тауар Клиенттің немесе тасымалдаушының кінасынан жоғалып, бүлініп, қаптамасы жыртылған жағдайда, сондай-ақ қоймаға түскен тауардың құжаттамасында ерекше сипаты, сақтау жағдайы және де жүкті тиеу/түсіру барысында қауіпсіздік шараларын қолдану туралы мәлімет көрсетілмеген жағдайда Қоғам жауап бермейді.
8.4.Егер Клиент тауарды дұрыс күйінде және толығымен алғаны туралы қол қойылған кейін шағымданса, Қоғам оған жауап бермейді.
8.5.ҚР бекітілген ҚР заңнамасы мен халықаралық шарттарға сәйкес, кедендік одақтың кеден аумағына кіргізуге және тасымалдауға тыйым салынған тауарларды уақытша сақтауға орналастыру салдарынан туындаған немесе тауардың мөлшері, салмағы және сипаты, көлік және тауар құжаттамасында көрсетілген орама сапасы жайлы дұрыс мәлімет берілмеген жағдайда ҚОҒАМ Осы шартта туындаған міндеттемелерге жауап бермейді.
8.6.Клиентке Осы шарттың 5.3. тармағында көрсетілген міндеттемелерді дұрыс орындамағаны үшін ҚР заңнамасына сәйкес жаупкершілік жүктеледі.

9.Дүлей күштер жағдайының әрекеттері

9.1. Тараптар дүлей күштер жағдайы орын алған кезде өзінің міндеттемелерін орындау жауапкершілігінен босатылады. Дүлей күштерге Тараптар алдын ала болжай алмаған немесе болжауға тиіс емес және алдын ала алмаған және алдын алуға тиіс емес жағдайлар жатады: табиғат апаттары, азаматтық көтерілістер,эпидемия, эмбарго, өрт, жер сілкінісі, топан су, және басқа кез-келген сипаттағы соғыс әрекеттері, осы Шарттың талаптарын орындауға тікелей ықпалын тигізген, осы қызмет түрін орындауға тыйым салатын мемлекеттік орган актілері.
9.2. Егер дүлей күштер жағдайы 3 айға созылса, Тараптардың әр-қайсысы осы шартты бір тараптық тәртіппен алдын-ала жазбаша хабарлау арқылы бұзуға құқылы.

10. Шарт жасау шарттары

10.1.Осы шарт уақытша сақтауға орналастыру үшін берілген құжаттарды кедендік орган тіркеген сәттен бастап күшіне енген деп есептеледі.
10.2.Осы шарт ҚР Азаматтық Кодексінің 387 бабына сәйкес Жария шарт болып табылады.

11. Дауларды шешу тәртібі

11.1.Осы Шарт бойынша тараптардың арасында туындаған даулар келіссөздер арқылы шешіледі.
11.2. Туындаған дауларды жоғарыда айтылған жолмен шешу мүмкіндігі болмаған жағдайда, ол Қазақстан Республикасының сот органдарында қаралады.

Басқы бет | Кері байланыс | Сайт картасы

© 2002-2017 «Халықаралық Алматы әуежайы»АҚ

Қазақстан Республикасы. Барлық құқықтары қорғалған.

Байланыс ақпараты

Баспасөз қызметі:
+7(727)2703391

info@alaport.com

Алматыдағы байланыс
телефонымыз

+7(727)2703333

АВИАКОМПАНИЯ SCAT DV725ӨСКЕМЕН29°С2017-06-24
09:20

Отырғызу
АВИАКОМПАНИЯ SCAT DV735СЕМЕЙ25°С2017-06-24
09:25

Отырғызу аяқталды
АЭРОФЛОТ SU1943МӘСКЕУ / ШРМ10°С2017-06-24
09:30

Отырғызу аяқталды
ЭЙР АСТАНА KC915АНТАЛИЯ23°С2017-06-24
09:40

Отырғызу
Загрузить Adobe Flash Player

Жақын арадағы 4 рейс

ары қарай...