Алматы.Шолу

ALMATY INTERNATIONAL AIRPORT

Халықаралық Алматы әуежайы, Алматы, Қазақстан

ICAO UAAA (ALA)

ХАӘ метеоқызметiнің мәліметтері бойынша Алматы әуежайы ауданындағы ауа температурасы

+24°С

+7(727)270-33-33

Қалааралық қоңыраулар үшін

Русский / English

Басына Қауіпсіздік Жаңалықтар Байланыс Баспасөз қызметі Авиаагенттік Тендерлер

Алматы.Шолу

Қазақстанның «Оңтүстік астанасы» - деп аталатын Алматы, бұрынғы Верный қаласы (1855-1921) Қазақстанның оңтүстік-шығысында (Алматы облысы), Іле Алатауының бөктерінде (700-900м.) орын алған. Көктемде Алматы төңірегіндегі бау-бақшаларда алма, өрік, шие гүлдеген кезде қала бір таңғажайып ертегіге айналғандай болады. Алматыдағы туризмнің бір ерекшелігі ол саяхатшылар бір күннің ішінеде бес түрлі климат аумақтарында бола алады. Шөл даладан бастап ғасырлар бойы жатқан қарға дейін. Бұл өңірдің табиғаты туризмнің түрлі түрлерінің дамуына ықпал етеді.

Алматыны көбінесе «Алма бақ» қаласы деп атайды, өйткені Алматы қаласының атауы-«алма» сөзінен шыққан. Алматы қаласында 80 шаршы метр жас көшеттер, жасыл желектер бар. Таулы шатқалдарда көптеген сарқырама, жылу радон, және емдікке пайдаланатын күкірт көздері бар. Оңтүстік жағынан қаланы Талғар (5017), Нұрсұлтан (бұрынғы - Комсомольский 4376) және Үлкен Алматы (3684) таулары қоршаған. Асқақтап тұрған кейбір шыңдар еуропаның Монблан, Кавказ Казбегі, америка Таджумулькосы секілді биік.

Қала климаты континенттік, ауа температурасы кезең аралығында, тіпті тәулік бойында да ауытқып тұрады. Қаланың солтүстік жағы жазықтар мен шөлейттерге жақын. Оңтүстік облыстарда теңіз деңгейінен 1520-1750 м. биіктікте, Медеу және Каменское плато жол жағында «Арктика тауларының» ызғары сезіледі.

Желдің орташа жылдамдығы Мәскеуден екі есе төмен. Шілде айының орташа температурасы Шри-Ланка (Цейлон), Калимантан (Борнео) және Ява аралдарындағы температураға тең. Қаңтар айының орташа температурасы Норвегияның солтүстігіндегі температурасына тең.

Алматыда ашық шуақ күндер көп: жылына 1596 сағат. Сондай-ақ, жылына 151 күнге дейін үсіксіз күндер болады. Осындай қолайлы климат факторлары өңірдегі спорт және туризмді дамыту мүмкіндіктерін артады.

Іле Алатауы сирек аңдар мен өсімдікке бай. Алматының маңайы - Іле Алатауы Ұлттық саябағының бөлігі. Онда көптеген табиғи қорықтар орналасқан. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген сирек құстар мен аңдар өмір сүреді. Олардың ішінде Алматының эмблемасын әшекейлеген барс та бар.

Алматы қаласы мәдени орталық. Ұлттық музыка мәдениетінің мақтанышы болып табылатын Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрымен қатар, Алматыда Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, орыс, уйғыр және бірнеше корей театрлары бар.

Алматы қаласының халқы - 1,434,700 құрайды, аумағы- 339 ш.км.   Алматы қаласының телефон коды + 7 727; пошта индексі -050000-050063

Алматы экономикасы

Бірталай табиғи ресурстар және экономикалық мүмкіндіктерінің арқасында Қазақстанды болашақта қарқынды даму күтіп тұр, - дейді батыс экономистері. Қазақстанның жер қойнауындағы басты байлығы түсті, қара металлдар және минералдардың арқасында Қазақстан әлемдегі ең бай елдердің бірі болып саналады. Қазақстанның жер қойнауында Менделеев кестесінің барлық элементтері табылады. Қазақстан әлемдік уран қорының 25 %-ын өңдейді, оның ішінде 13 %-ы мырыш, 10 %-ы мыс пен темір, сондай-ақ вольфрам, алтын, марганец, молибден, фосфорит және хром.

Қазақстанда ауыл шаруашылығы да дамыған. Егін шаруашылығымен қатар мал шаруашылығына да қолайлы жер алқаптары бар. Климаттық жағдайы көкөніс, бақша өнімдерін өсіруге, бидай және арпа дақылдарын баптауға мүмкіндік береді.

Экономика негізінде өнеркәсіп пен ауыл шаруашылықтан құрылған: металл, отын өндіру, химия өндірісі, машина жасау, мұнай және газ саласы, теміржол саласы, телекоммуникация және авиация.

Алматы Қазақстанның мәдени және іскерлік орталығы. Қазіргі уақытта Алматы негізгі өнеркәсіп орталығы болып табылады.

Бұл қалада БҰҰ, Дүниежүзілік банкі, Ernst&Young, HSBC, BASF, American Tobacco, Panalpina сияқты миллиондаған халықаралық компаниялар бар. Халықаралық рейстердің 50% -дан астамы Алматы қаласындағы әуежай арқылы ұшады. Өткен жылмен салыстырғанда, соңғы 6 ай ішінде жолаушылар ағымы 20% -ға артты.

Саяси тұрақтылық пен дамып жатқан экономиканың арқасында Алматы халықаралық көрмелер мен Орта Азиядағы жәрменкелерді өткізу үшін өте қолайлы жер болып табылады. KIOGE, Mining World Central Asia, World Food, LESHOW Kazakhstan сияқты және басқа да көптеген ауыр металлургия және мұнайгаз саласымен байланысты.

Алматыда жоғары білім беретін көптеген институттар бар. Оның ішінде 1934 жылы құрылған мемлекеттік университет, Қазақ-Британ университеті, Технологиялық университет, Қазақ менеджмент, экономика және болжау институты және басқа педагогикалық, экономикалық, ауылшаруашылық және медициналық институттар.

Көк базар

Көк базар аталған Орталық базары азия базарының ең үздік дәстүрлерін ұстанады. Бұл азия мәдениеті өкілдерінің кездескен орны. Сіз Орта Азияның әр бөлігінде өскен көкөністер мен жемістердің ең жақсысын таңдап аласыз. Базардың ішкі жағында кәуап, жергілікті тағамдарды сататын орындар бар, сонымен қатар киім-кешек базары мен гүл сататын салондар бар. Жаз айларында жеміс-жидектің бағасы өте тиімді.

Алматы қаласының назар аударарлық орындары.

Медеу

Алматы қаласынан 15 км. жоғары орналасқан көркем алқап. Ғажайып табиғатынан басқа бұл жердің басқа да көз тартарлық орындары бар. Осындай орындардың бірі үлкен мұз айдыны, ол әлемдегі ең үлкен мұз айдындарының бірі. Теңіз деңгейінен 1691,2 м биіктікте орналасқан ертегі сарайы. Тау бөктеріндегі жайлы климат, күн радиациясының қолайлы деңгейі, төмен ауа қысымы және таза тау суы мұздың жоғары сапалы болуын қамтамасыз етеді. Бұл жерде 120 аса әлемдік рекорд жасалды. Соңғы жылдары бұл жерде футбол, волейбол, баскетбол, шорт-трек бойынша сайыстар өтеді. Қазақстанның аты аталғанда көп адамдардың ойына дәл осы мұз айдыны келеді, өйткені бұл мұз айдынының әлемдік атағы бар.

Қаланы сел мен су тасқынынан қорғайтын су бөгеті де аса маңызды оын болып есептеледі. Бұл су бөгетіне 6000000 текше метр су сияды. Тағы бір атап өтетін көркем орындардың бірі - Шымбұлақ. Ол теңіз деңгейінен 2200м. биіктікте орналасқан. Шымбұлақ Орта Азияның ең негізгі тау - шаңғылық курорты. Бұл жерде шаңғы маусымы қараша айынан суәір айына дейін созылады. Медеу және Шымбұлақ Қысқы Олимпиада ойындарының негізгі жиын орны болды.

Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік музейі

Орталық Азиядағы байырғы, әрі ең ірі музейлердің бірі. Оның іргетасы 1831 жылы Орынборда Неплюев кадет корпусында Губернатор, Граф Сухтелевтың бастамасымен қаланды. Музейдің кейінгі дамуына жазушы және этнограф-зерттеуші В.И.Даль еңбек сіңірді, бірегей колекцияларды жинақтауға үлкен күш жұмсады. 1920 жылдары музей қорына тағы да 2 музей, Жетісу казактарының әскери және Республикалық атеизм музейлері біріктірілді.

Музей 1929 жылы Аламаты қаласына көшіп Вознесенск кафедралды соборының ғимаратына орналасты. Сол кезде оған Жетісу облыстық музейінің колекциялары қосылды. 1985 жылдан бастап музей Ю.Ратушный, Мустафина және Б.Рзагалиевтің арнайы жобасымен салынған, жалпы аумағы 17557 шаршы метр болатын жаңа ғимаратқа көшірілді.

ҚР ОММ колекцияларында сан ғасырлардың айғақтары мен ескерткіштері қамтылған. Мұндағы сақтаулы экспонаттардың жалпы саны 215972 бірлікті құрайды экспозицияға 4383 зат қойылған.

Ежелгі заманнан бастап бүгінге дейінгі Қазақстан тарихы мен мәдениетінен мәлімет беретін 4 экспозициялық зал (палеонтологи және археология, этнография, Қазақстандағы диаспоралар мәдениеті және соғыс жылдарындағы Қазақстан (1941-1945 жж.), Егемен Қазақстан) жұмыс істейді. Музейде түрлі тақырыптағы көрмелер, музейлік дәрістер, фестивальдар бас қосулар ұдайы өткізіліп тұрады.

28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағы

28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағы Алматы қаласының ортасында орналасқан.Саябақта Офицерлер үйі, Жауынгерлер – интернационалисттер ескерткіші, және Даңк мемориалы мен Мәңгі алау. Мемориалды кешеннің ашылу салтанаты 1975 жылдың 8 мамырында болып, Ұлы Отан соғысы аяқталуының 30-жылдығына орайластырылған. Кешенге: Қазақстандағы Кеңес билігі үшін күрескен жастарға арналған “Клятва” горельефі кіреді. Триптихтің орта шенінде Мәскеуді кеуделерімен қорғаған батыр-панфиловшылардың кейпі бейнеленген “Подвиг” мүсіні. Оң жағында - “Трубящие славу” композициясы. Оның бейнесі салтанатты өмірдің ән ұранын бейнелейді. Саяжолдың жағалауында 316 дивизия, 1075 полкының 28 панфиловшылардың аттары жазылған тас ескерткіштер. 

Алматы қаласының Орталық мешіті.

Алматы қаласының орталық мешіті Қазақстанның ең ірі мешіттерінің бірі. Орасан зор құрылыс 7 мың адамға лайықталған. Мешіт 1999 жылдан бастап жұмыс атқарады. Бұл мешітің салынуына Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жеке көмегі тиді. Орталық мешіттің ғимараты ұлттық нақышта орындалған, мәрмәр және түсті глазурьмен қапталған. Ғимараттың басты күмбезінің биіктігі 36 м, диаметрі 20м. Үлкен мұнарасының биіктігі - 47 метр. 2000 жылы үлкен күмбезді түрік шеберлері каллиграфиялық түрде Құран аяттарымен әшекейлеген. Сәулетшілер - Баймағамбетов және Шарапиев.

Республика алаңы және ескі алаң

Республика алаңы Алматы қаласының ең негізгі және үлкен алаңы. Бұл алаң 1986 жылғы қазақ студенттерінің алаңға шыққан қайғылы оқиғалармен байланысты алаң.

Оңтүстік-шығыс жағында Президенттің резиденциясы, қала Әкімдігі және телеорталық орналасқан. Орталық мемлекеттік музей алаңның шығыс жағында, ал «Анкара» қонақүйі батыс жағында орналасқан. Сәулет жарасымдылығын екі көпқабатты тұғын үй жалғастырады. Байсейітов көшесінен басталған түрлі фонтан қатары сол ескі алаңға дейін созылған. Күн райы ашық болған кезде Алатау аясындағы фонтандар өте әсем көрінеді. Сол жерде салтанатты шерулер болғанда Үкімен мүшелері орналасатын мінбе бар, оның төменгі жағында көркем галереясы орналасқан.

Республика алаңының қақ ортасында 18 метрлік Тәуелсіздік монументі орнатылған. Монументтің ұшар басында қанатты барыс мінген Алтын жауынгердің асқақ мүсіні орналасқан. Тәуелсіздік туындысының авторы – белгілі мүсінші, Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі Шота Уәлиханов. Ұлы алтын адам қанатты жолбарысты бағындырып тұрғандай,айналасындағы орналасқан туындылар қазақ халқының тарихын көз алдыңа елестетеді. Ескерткіштің төмен жағында мемориалды тақтайға Президенттің ант беру кезінде Конституцияға қойған қолының таңбасы түсірілген. Монумент 1996 жылы орнатылған, ал алаңның өзі 1982 жылы құрылған.

Көлемі бойынша екінші орында тұрған алаң 1957 жылы құрылған. Ол өзінің құрылымы бойынша Республика алаңынан айрықша. Бұл жерде бұрынғы парламен ғимараты орналасқан. Бұл алаңда қазақстан тарихындағы бірінші парламент тәуелсіз елдің бірінші Конституциясын қабылдаған. Қазір бұл жерде Қазақ-Британ техникалық университеті орналасқан.

Көк-Төбе

Көк-төбе 1070 метр биіктікте орналасқан. Бұл тек тау, таза ауа ғана емес сонымен бірге достардың, ғашықтардың, отбасымен бірге демалатын және тамаша уақыт өткізетін орын. Күн райы ашық кезде төбедегі алаңнан Алматы табиғатының көрінісін тамашалай аласыз. Көк-төбе тауының етегінде 350 метрлік теледидарламалық мұнара орналасқан. Теңіз деңгейінен есептегенде бұл әлемдегі ең үлкен мұнара болып табылады. Теледидарламалық мұнара-туристер үшін ыңғайлы тұспал, себебі ол қаланың барлық нүктесінен көрінеді. 2007 жылғы 15 мамырында «Музыкальная фишка-2007» ұлттық премия шеңберінде Көк-төбеде «The Baetles» тобына арналған ескерткіш ашылды. Бұл қазірге бірінші және жалғыз ливерпульдік төрттіктің ескерткіші. Ескерткіште-қолына гитара ұстап, орындықта отырған Джон Леннон мен оның аты аңызға айналған әріптестері Пол Маккартни, Джордж Харрисон және Ринго Старр. «The Baetles» ескерткішінің авторы Алматылық мүсінші Эдуард Казарян. «Тілектер фонтаны». Көк-төбе қонақтарын алғашқы болып «Тілектер» фонтаны қарсы алады. Кейбіреулер фонтанның салқындығымен рақаттанады, таз мөлдір суға тиын лақтырады, естелікке суретке түседі. 

Көк-төбеге жету үшін арқан жолмен немесе Достық даңғылы бойынша оңтүстік бағытта жүре отырып, сосын шығысқа бұрылып жете аласыз. Сондай-ақ, Луганский көшесі бойынша шығысқа жүре отырып жетесіз. Көк-төбеде бірнеше мейрамханалар мен кафелер орналасқан.

Әулие-Вознесенский және Зенков кафедралдық шіркеулері

Бұл архитектуралық шiркеу ағаш құрылыстарынан жасалған әлемдегі тоғыз бiрегей ескерткiштерiнiң бiр болып табылады. Орыс православтық шіркеуі өз әдемілігімен және әсемдігімен ерекшеленеді. Ол 1904-1907 жылдары сәулетші А. Зенковпен салынды, ал қабырғасының қол оюларымен Николай Хлудов айналысты. Шіркеудің шамамен ұзындығы 50 метр. 1910 жылғы қатты жер сілкінісінде ол құламады. Совет дәуірі кезінде шіркеу мұражай ретінде қолданылды. 1997 жылы шіркеу қызметі үшін қайта ашылды.

Зенков кафедралдық шіркеуі 28-панфиловшы атындағы саябақта орналасқан. Шіркеудің сыртқы қабырғасы қыстың күні ерекше әдемі. Оның ішкі қабырғасы да тамаша. Сіз міндетті түрде ішін көруіңіз керек. Орыс православтық шіркеуі ешбір шегесіз ағаштан тұрғызылған. Сондай-ақ, 1910 жылғы патша дәуіріндегі жер сілкінісінен аман қалған ғимараттардың бірі.

Алтын адам

«Алтын адам» басты ұлттық символдардың бірі. Алтын адам ХХ ғасырдың 70 жылдары Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласында табылған болатын. Сақ қорғаны Есік қаласының шет жағында осыдан 30 жыл бұрын табылған. Оның астында, шыршаның бөренелерімен қапталған мазарда, ағаш еденнің үстінде алтын тіліктер қадалған киім киген (Алтын адам) сақ жауынгерінің сүйегі жатқан. Басына күн құдайының символындай қанатты аттар бейнеленген, әшекеймен безендірілген биік үшкір бөрік кигізілген. Жерленген адамның қаруы ұзын қылыш пен қысқа қанжардан тұратын. Жауынгердің саз балшықтан жасалған құтыға құйылған қымыз, кесек-кесек ет салынған подностар, күміс пен қоладан жасалған қымбатты құтылар қойылған. Табылған мола 40-тан астам қорғаннан тұратын және тарихтың көптеген құпияларын сақтаған үлкен мазардың оңтүстік шетінде орналасқан. Антропологтардың анықтамасы бойынша Есік қорғанында жерленген адамның жасы 17-18 және ол біздің эрамызға дейінгі ІV ғасырдың аяғында өмір сүрген.

Үлкен Алматы өзені

Алматының оңтүстігіне кететін Үлкен Алматы шатқалы саяхатшыны Іле Алатауының ормандарын қылқан жапырақты ағаштардың арасында орналасқан Үлкен Алматы өзеніне алып келеді. Аталған өзен 10 мың жыл бұрын тектоника қозғалысымен байланысты опырылып құлаудың нәтижесінде пайда болған. Қазірде опырылған жерлердің ізін көріп сол кездегі апатты елестетуге болады. Бүгінгі күні өзенге көршілес Штенберг атындағы ионосфера және күн астрономиялық институт орналасқан. Бұл жерден телескоп арқылы асапандағы жұлдыздарды көруге болады. Алматы туристері арасындағы танымал Солтүстік Тянь-Шань тауларынан Ыстық көл өзенінің жағасына дейінгі маршрут осы Үлкен Алматы өзенінен басталады.

Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы

Іле Алатау мемлекеттік ұлттық саябағы теңіз деңгейінен 600-ден 5000 метрге дейінгі биіктікте орналасқан. Саябақта Шренка шыршалары және Сиверс алмасы, долана, жабайы өрік, тянь-шань шетен ағаштары және басқа да ағаш бұталары мен бұтақтардың тұқымы өседі. 1996 жылғы 22 ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Іле Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі құрылды. Оның ұзындығы батыстағы Шамалған өзенінен Түрген өзеніне дейін 120 км, ал көлденеңнен 30 км құрайды. Саябақ аумағы 202 292 га. Саябақта өсімдіктердің 1200 жуық түрлері өседі.

Шарын каньоны

Эстетикалық, тарихи және экологиялық табиғи ландшафты сақтау үшін Шарын ұлттық табиғи саябағы құрылды. Саябақ аумағына Шарын өзені кіреді. Шарын каньонын Үлкен Колорода каньонының (АҚШ) кіші бауыры деп атайды. Каньон аумағы шамамен 200 км. құмды жардың биіктігі 10 метрден 300 метрге дейін жетеді. Шарын каньоны Алматы қаласынан 200 км орналасқан, қаладан 3 сағаттық жол. Каньондағы ең танымал жердің бірі ұзындығы 2 км құрайтын «Қамалдар алқабы» жатады. Каньонның қабырғаларында қызыл құмнан түрлі пішіндегі үңгірлер ойылған. Бұл мистикаға толы елестердің үлкен қаласындай әсер қалдырады. Жер екіге бөлініп, терең шатқал ашылғандай. Терек, сексеуіл, жыңғыл, қамыс елсіз жер мен қол тимеген атмосфераны сақтауға көмектеседі. Өзен жақтан тау шыңдарының салқын леп еседі. Бұл жерде апатты суықтан аман қалған шетен өседі. Миллиондаған жыл өтті. Ауа райы және таулар, жерүсті өзгерді, аңдар мен жаңа өсімдіктер пайда болды, ал кейбіреулері жоғалып кетсе де, шетен ағашы сол қалпында сақталған. Шарын өзенінің алқабында 4855 гектар шетен тоғайы орналасқан. Дегенмен, мың рет естігенше, бір рет көрген артық.

Тамғалы шатқалы

Тамғалы шатқалындағы тасқа қашалған суреттер 20-шы ғасырдағы бірнеше тарихи кезеңдерді көрсететін мәдени ескерткіш. Тамғалы шатқалы Алматыдан солтүстік-батыстағы Аңырақай тауларында орналасқан. Бұл жерде сан ғасырлық таулар бар. Шатқалдың етегінде орналасқан қорғандар түрлі жылдарда мекен еткен жер екенін дәлелдейді.

1957 жылы Тамғалы шатқалында 4 мыңға жуық тасқа салынған белгілер табылды. Ең көне сурет қола ғасырына жатады. Сондай-ақ, күнге табынушылық суреттері бар. 20-дан астам күн түріндегі адам тәріздес бастар, құдай бейнесі және екі аяқты күйме арбаны суреттейтін алты сурет табылды. Билеп жатқан фигуралар қола дәуіріне жатады. Сондай-ақ, осы мәдениетке қатысты бірнеше суреттер және эротикалық көріністі бейнелейтін көріністер және билеп жатқан аңшының, жабайы жануарлар: қабан, буйвол, тау ешкі, ат, бөкен, қасқыр, қарлы барыс және түлкі суреттері бейнеленген.

Келесі тасқа қашалып салынға суреттер ерте кездегі көшпенділерге жатады. Бұл дәуір сақ стиліндегі адамдар мен жануарлардың суреттерімен ерекше көрсетілген. Скиф-сібір стилінде қарлы барыс, ат және тау ешкі фигураларының күрес көріністері көрсетілген.

Негізгі тақырыптың біріне Түрік дәуіріндегі атты жауынгер жатады. Орта дәуірдегі түрік жауынгерін оңай тануға болады, себебі бұл дәуірге адамдар ізінің таңбасы жатады.

Түрген шатқалы

Түрген шатқалы Алматы қаласынан 70 км орналасқан. Бұл шамамен 1 сағат 20 минуттық жол. Балық шаруашылығында балық аулауға болады, сондай-ақ атқа мініп қыдыру мүмкіндігі бар.

Іле Алатау табиғи саябағында тамаша және көркем «Түрген шатқалы» және минералды қайнар бұлақ, балық шаруашылығы, сарқырама және тоғай бар. Түрген шатқалында қылқан жапырақты тоғай, өзендер, минералды қайнар бұлақ, емдік өсімдіктер және жидектер кездеседі. Көне замандағы керуендер Еуропадан Қытайға және Үндістанға «Патша қақпасы» арқылы өткен.

Түрген шатқалы өзінің сарқырамасымен танымал. 30 метрлік Аю сарқырамасы өзіне ерекше назар аудартады. Оған қоса қатты ағынымен танымал Бозгүл сарқырамасы.

Түрген шатқалындағы ең танымал аялдама – Түрген-Ботай аңшы базасы жатады. Бұл жерде үш өзен тоғысады, ал шатқал тереңдігі - 920 метрге жетеді. Ассы өзенінің жағалауынан ескі қорғандар, жартасқа салынған суреттер табылған.

Есік өзені

Есік көлі Іле Алатауының Есік ойпатында, Алматыдан 70 шақырым шығысқа төмен теңіз деңгейінен 1756 м. биіктікте орналасқан. 1963 жылы Есік көлі маңындағы жоғары мұзды аймақтардан үлкен мөлшердегі сел тасқыны болды, селдің салдарынан бөгет бұзылып, көлді шайып тастады. Қазіргі уақытта көл бірен-саран қалпына келтірілді. Көлге баратын жол бойында Қазақстанның сақ мәдениеті мен археологиялық ескерткіштер, қорғандар, мазарлар бар. Олардың ішінде ерекше қорғанның бірі ұзындығы 60 метр, биіктігі 6 метрге дейін жететін Алтын адам табылған мазар. Бұл бейіттен алтын киімді жас сақ жауынгері және 4 мыңға жуық алтын тілімдер мен айылбастар (3,5 кг алтын), 26 белгі жазылған, бірақ әлі мағынасы ашылмаған күміс тостаған табылды.

Қыран құстардың питомнигі

Іле-Алатау ұлттық саябақ аумағында Орта Азиядағы жойылып бара жатқан қыран құстарды өсірудің жалғыз ғана питомнигі орналасқан. Бұл жерде сұңқар, бүркіт, қыран құстарын өсіріп аң аулауға үйретеді. Бұрынғы заманнан бастап сұңқар қазақ халқының аң аулау құсы ретінде қолданылған. Өткен жүз жылдықта бірнеше тайпа шекарасында қырандар арасындағы кеңінен тараған бүркіт ұяларын табуға болады. Жыртқыш құстың қанаты қалықтаған кезде 2 м дейін жетеді. Өсіру кешенінде сонымен қатар қазақтың атақты иті-тазыны көруге болады.

«Алтын емел» және «Шағымқұм» ұлттық саябағы

Инфрақұрылымды дамытудың бас жоспарына сәйкес саябақта екі сапар орталығы, су емханасы, қонақүй, спорттық су туристік лагері, сондай-ақ туристік кемпингтер, этнографиялық ауыл және шатыр лагерлерін салу жоспарлануда. Ұлттық саябақта 1800-ге жуық өсімдіктің түрлері өседі. Сонымен қатар саябақта эндемикалық және сирек кездесетін өсімдіктердің 30-ға жуық түрлері бар. Саябақ ерте көктемнен бастап күзге дейін гүлдейді. Саябақ территориясына өте бай фауна орналасқан. Омыртқалы жануарлардың өзінің 260 түрі бар. Туристердің сүйікті жеріне Кіші және Үлкен Қалқанда орналасқан «Әнші бархан» жатады. Ұзындығы 150 метрлік құмды тау ауа райы құрғақ болған кезде дыбыстар шығарады. Құм төбе-бұл табиғи және ең танымал феномен. Құрғақ ауа райы кезінде құмдар органның дыбысындай дыбыс шығарады. Ән салатын құмдар көптеген халық ырымдарының себебі болып табылады. Аңызға сәйкес елестер, мистикалық жануарлар, сондай-ақ көмілген қалалардың қоңыраулары, өзендердің ағысы немесе басқа да себептерге байланысты дыбыстар шығарылады.

Ұлттық саябақтың туризмі экология туризмі ретінде дамып келеді. Экскурсия жетекшісі табиғат және тарих туралы ғана айтып қоймай, туристердің жүру ережелерін де бақылайды.

Көлсай өзені

Көлсай өзені қазақ табиғатының әдемі орындарының біріне жатады. Олар теңіз деңгейінен 1800, 2250, 2700 м биіктікте орналасқан. Осы аумақ өсімдіктер мен жануарлар әлеміне бай. Алматы қаласынан 300 км жерде орналасқан Көлсай өзендерін «Солтүстік Тянь-Шань маржандары» деп атайды. Көлсай өзені өз бастауын Күнгей Алатау жотасынан бастап кезек-кезекпен Жоғарғы, Ортаңғы, Төменгі көлсайға келіп құяды. Өзеннің сулары тұщы. Жаз кезінде судың температурасы +10 градус.

1800 м биіктікте өсімдіктер мен шыршалы орман өседі. Шыршалы орман Тянь-Шань тауының солтүстік бөктерінде орналасқан. Шырша көбінесе топталып өседі. Тянь-Шань шыршасының ұзындығы 40-50 м, диаметрі 2 м жетеді. Қылқанды орман 2700-3000 метрге дейін жетеді. Бұл эерде: аю, қасқыр, сілеусін, қоян, сібір ешкісі, қарлы барыс, қабан, борсық мекен етеді.

Көлсай өзендері өте терең. Бірінші көл тереңдігі-80 м, ортаңғы көл тереңдігі-50м жетеді. Сәуір айынан бастап қыркүйектің соңына дейін ауа райы жылы болады. Қазақстаннан Қырғызстанның Ыстық көліне дейін саяхат жасаған кезде осы табиғатты тамашалауға болады. Көлсай жаяу, атпен және велисопед саязаттары үшін тамаша орын. Ең жақын елді мекенге Алматы қаласынан 320 км орналасқан Саты ауылы жатады. Бірінші көл 1818 биіктікте орналасқан оның ұзындығы 1 км, ені-300 м.

Ортаңғы көл-теңіз деңгейінен 2552 м биіктікте орналасқан. Үш көлдің ең үлкені және көріктісі. Көлсай көлін Солтүстік Тянь-Шанның көгілдір алқасы деп атайды. Бірінші көлсай ортаңғы көлден 4 км жерде орналасқан. 6 км кейін Қырғызстан шекарасы. Сары-Бұлақты асқаннан кейін Ыстық көл басталады. Сары –Бұлақ асуынан Ыстық көлге дейін атпен 1, ал жаяу 2-3 күндік жол. Саты ауылының орманшысынан аттарды жалға алуға болады. Бұл жерде туристік маршруттар мен қонақүйлер бар. Бірінші Көлсайдың туристері «Жібек жолы» үйлеріне, ал Ортаңғы және Жоғарғы Көлсай туристері шатырларға орналастырылады. Бірінші Көлсай Алматы қаласынан 300 км, ал Ортаңғы және Жоғарғы Көлсай бір-бірінен 2,5-4 сағаттық жолда орналасқан.

Су жағасында орналасқан үйлер дем алушыларды қабылдауға әрдайым дайын. Үйлердің терезесінен тамаша көріністі көруге болады. Каминнің жанында өткізген кештер көпке дейін есіңізден кетпейді. Көлсайда дем алған адам ешқашан бұл жердің тамаша табиғатын ұмытпайды.

Қайыңды көлі-теңіз деңгейінен 2000 м биіктікте қылқан жапырақты орманның арасынан орын тепкен бұл әсем көлдің әсемдігі көздің жауын алады. Осыдан шамамен 100 жыл бұрын жер сілкінісінен пайда болған. Көл Бірінші Көлсай көлінен 12 км орналасқан. Көлдің ұзындығы 400 м, тереңдігі 30 метрге жуық. Шатқалдардан қарағанда Қайыңды мен Сатының керемет табиғатын тамашалай аласыз. Қайыңды шатқалдарынан саңырауқұлақ, шілде-тамыз айларында бүлдірген, ал жаздың соңғы айларында таңқурай теруге болады. Суға батқан кемелерге ұқсас Тянь-Шань шыршаларының діңгектері тура судың ішінен 15 метрге дейін көтерілгендей. Қайыңды тама көл. Жыл сайын Қайыңды көліне келуші туристердің саны артып келеді.

Басқы бет | Кері байланыс | Сайт картасы

© 2002-2017 «Халықаралық Алматы әуежайы»АҚ

Қазақстан Республикасы. Барлық құқықтары қорғалған.

Байланыс ақпараты

Баспасөз қызметі:
+7(727)2703391

info@alaport.com

Алматыдағы байланыс
телефонымыз

+7(727)2703333

ЭЙР АСТАНА KC853АСТАНА1°С2017-09-23
11:40

Тоқтатылды
BEK AIR Z92005ӨСКЕМЕН7°С2017-09-23
12:00

Отырғызу
BEK AIR Z92005АСТАНА1°С2017-09-23
14:40

Отырғызу
ЭЙР АСТАНА KC307ПАВЛОДАР1°С2017-09-23
12:30

Тіркеу
Загрузить Adobe Flash Player

Жақын арадағы 4 рейс

ары қарай...