Тарих беттерінен

ALMATY INTERNATIONAL AIRPORT

Халықаралық Алматы әуежайы, Алматы, Қазақстан

ICAO UAAA (ALA)

ХАӘ метеоқызметiнің мәліметтері бойынша Алматы әуежайы ауданындағы ауа температурасы

-4°С

+7(727)270-33-33

Қалааралық қоңыраулар үшін

Русский / English

Басына Қауіпсіздік Жаңалықтар Байланыс Баспасөз қызметі Авиаагенттік Тендерлер

Тарих беттерінен

Алматы әуежайы 1935 жылы қолданысқа берілді. 1990 жылға дейін ол ҚААБ (Қазақ АА Басқармасы) құрамына кірген. 1991 жылғы 26 сәуірде «Алма-Ата аэропорты» болып қайта құрылды. 1993 жылдан бері дербес құрылымдық бірлік болып саналады. 1994 жылы ол «Алматы аэропорты» болып өзгертіліп, оның қызметін өзінің құқықтық мұрагері - «Халықаралық Алматы әуежайы» АҚ жалғастырды.

2000 жылы Халықаралық Алматы әуежайының жүк тасымалдаудағы алғашқы серіктесі болып сол кездері аптасына екі рет Boeing 747 ұшақтарымен ұшатын EL-AL авикомпаниясы атанды. Әуежайдың геосаяси тұрғыдан тиімді орналасуын және техникалық дайындық деңгейін бағалай келе, EL-AL авикомпаниясы Алматы арқылы ұшатын өз рейстерін көбейтуді ұйғарды. Бүгінгі күні EL-AL авикомпаниясы Алматы әуежайына аптасына 10-12 рейс жасайды.

2003 жылы Алматы әуежайы арқылы жолаушылар тасымалдауларын ғана жүзеге асырып жүрген атақты KLM авиакомпаниясының жүк тасымалдау бөлімі аптасына 6 рет жиілікпен ұшатын жаңа рейстерін ашты.

2003 жылы Алматы әуежайы арқылы жолаушылар тасымалдауларын ғана жүзеге асырып жүрген атақты KLM авиакомпаниясының жүк тасымалдау бөлімі аптасына 6 рет жиілікпен ұшатын жаңа рейстерін ашты.

Сол 2003 жылдың соңында аптасына 4 рет ұшып, атақты FedEx авиакомпаниясы Халықаралық Алматы әуежайының серіктесі ретінде танылды. 2005 жылдың 01 наурызынан FedEx авиакомпаниясы бір айда орындалатын рейстерінің санын 50-ге дейін арттырып, Гонконг-Алматы-Париж және Шанхай-Алматы-Франкфурт бағыттары бойынша ұша бастады.

Алматы әуежайында бір уақытта FedEx авиакомпаниясының екі ұшағы тұрақтанады. Олар жүкті бір ұшақтан екінші ұшаққа тиеу жұмыстарын атқарады. Мұндай операция авиакомпания үшін өте ыңғайлы болмақ, ол жүкті бір нүктеден екінші нүктеге жедел түрде жеткізіп, әуе кемелері ресурстарын үнемдеуге мүмкіндік береді. Болашақта FedEx авиакомпаниясы өз ұшақтарына Халықаралық Алматы әуежайындағы А-чек бағдарламасы бойынша жедел қызмет түрін пайдалануды жоспарлап отыр. Жазғы кезеңде А-чек қызметі тікелей ӘК тұрақтарында жүзеге асырылса, қыста жабдықталған ангар кешенінің қызметі ұсынылады.

2004 жылдан бері Халықаралық Алматы әуежайы қызметтерін Lufthansa Cargo және Asiana авиакомпаниялары пайдаланады. Осы жылдары Алматы әуежайына ресейлік ірі жүк тасымалдаушылар - Волга-Днепр және Антонов авиажолдары компаниялары да келді. Олар өз рейстерін әлемдегі ең үлкен әуе кемелері санатына жататын әйгілі Ан-124 <Руслан > және Ан-225 <Мрия > ұшақтарымен орындайды.

2004 жылдың желтоқсан айында жаңа жолаушылар терминалы іске қосылды. Авиажолаушылардың талап-тілектерін қанағаттандыру мақсатында жаңа жолаушылар терминалында адам өміріне қажетті барлық жүйелер, қазіргі заманғы бақылау жүйелері, ғимаратты басқару жүйесі, орындалған авиарейстер туралы ақпарат беру жүйелері, ішкі және сыртқы бейнебақылау жүйелері, жолаушыларды құлақтандыру жүйелері, жүкті іздестіру жүйелері орнатылды.

2005 жылдың қаңтар айынан бастап американдық Polar Air Cargo авиакомпаниясы Atlas авиакомпаниясымен біріге отырып, Алматы әуежайын Шанхай – Алматы – Амстердам бағытындағы рейстерін орындау мақсатында пайдалана бастады. Ұшудың жиілігі аптасына 7-ге дейін артты.

2005 жылдың ақпан айынан бастап итальяндық Ocean Airlines авиакомпаниясы Халықаралық Алматы әуежайына қонып, оның техникалық қызметтерін пайдаланатын болды. Бұл авиакомпаниямен Брешия – Алматы – Гонконг, Брешия – Алматы – Шанхай бағыттары бойынша Боинг 747-200 әуе кемесімен аптасына 4 рет ары –бері ұшатын рейстер орындалады.

2005 жылғы тамыз айының соңында Cargolux компаниясы Алматы арқылы Гонконг – Алматы – Баку – Люксембург және Люксембург – Гонконг – Алматы – Люксембург бағыты бойынша Боинг 747-200 әуе кемесімен аптасына 3 рет жүзеге асырылатын ұшу кестесін іске қосты.

2005 жылғы қараша айынан China Easter Airlines компаниясының Шеньжень – Алматы – Люксембург бағыты бойынша Боинг 747-200 әуе кемесімен аптасына 4 рет ұшатын рейстері орындала бастады.

2006 жылдың маусым айында FedEx компаниясы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында авиакомпаниялар қызметінің аясын жетінші «әуе еркіндігіне» дейін кеңейтуге мүмкіндік беретін әуе қатынастары келісіміне қол қойылды.

2006 жылдың шілде айында Malaysia Airlines компаниясы Куала-Лумпур-Шанхай-Амстердам бағыты бойынша Боинг 747-200 әуе кемесімен аптасына 4 рет орындалатын рейстерін ашты.

2007 жылдың маусымынан бастап бизнес терминал іске қосылды. Сәулеттік және тарихи мәні зор және қала сәулетінің бірегей ескерткіші болып саналатын ғимарат жаңадан қалпына келтірілді. Ғимараттың дизайн жұмыстарына итальяндық сәулетші жетекшілік жасады. Ол интерьердің стильдік сәйкестігі мен реңдік үйлесімінің дұрыс шешімін табу арқылы қайталанбас жайлы атмосфера құра білді. Бизнес терминалда чартелік рейс жолаушыларына қызмет көрсетіледі. Терминалдың залдарында жолаушыларға өздерінің іскерлік шаруаларын жүзеге асыруға қажетті қызмет түрлері де ұсынылады: келіссөздер жүргізу, пресс-конференциялар өткізу. Жолаушыларға Duty Free дүкені, ассортименті бай шағын бар қызмет көрсетеді. Жайлы интерьер, жоғары деңгейлі техникалық жабдықтар.

Қазіргі уақытта Алматы әуежайында коммерциялық құқыққа ие Turkish Airlines, MNG Airlines, MY Cargo, MK Airlines секілді авиакомпаниялар өздерінің жүк тасымалдау рейстерін орындауда.

Жүргізілген келіссөздердің арқасында 2007 жылы Алматы әуежайына әлемге әйгілі американдық UPS компаниясының ұшақтары жүйелі түрде ұша бастады. Сондай-ақ, қытайдың Yangtze River Express авиакомпаниясы өзінің ұшу бағдарламасын бастауға ниет білдіріп отыр.

 

Анықтама қызметі:

+7(727)270-33-33

1550

Басқы бет | Кері байланыс | Сайт картасы

© 2002-2017 «Халықаралық Алматы әуежайы»АҚ

Қазақстан Республикасы. Барлық құқықтары қорғалған.

Байланыс ақпараты

Баспасөз қызметі:
+7(727)2703391

info@alaport.com

Алматыдағы байланыс
телефонымыз

+7(727)2703333

8367 DV733501°С2017-12-11
19:15

14
4205 KC9699233°С2017-12-11
19:20

31
0360 IQ351501°С2017-12-11
19:25

10
8290 CZ60128431°С2017-12-11
19:35

31
Загрузить Adobe Flash Player

Жақын арадағы 4 рейс

ары қарай...