Өртке қарсы және ұшу апаттарынан құтқаруды қамтамасыз ету қызметі

ALMATY INTERNATIONAL AIRPORT

Халықаралық Алматы әуежайы, Алматы, Қазақстан

ICAO UAAA (ALA)

ХАӘ метеоқызметiнің мәліметтері бойынша Алматы әуежайы ауданындағы ауа температурасы

+15°С

+7(727)270-33-33

Қалааралық қоңыраулар үшін

Русский / English

Басына Қауіпсіздік Жаңалықтар Байланыс Баспасөз қызметі Авиаагенттік Тендерлер

ӨҚжҰАҚҚҚ    (өртке қарсы және ұшу апаттарынан құтқаруды қамтамасыз ету қызметі)

Халықаралық Алматы әуежайының Өртке қарсы және ұшу апаттарынан құтқаруды қамтамасыз ету қызметінің басты мақсаты – апаттық жағдайда авиакомпаниялардың әуе кемелеріне дер кезінде көмек көрсету.

Қызмет жоғары динамикалық сапаға ие, жоғары технологиялық өрттік-техникалық құралдармен жабдықталған және аэроалаңды ИКАО талаптарына сай ең жоғары деңгейде өрттен қорғауды қамтамасыз ете алатын қазіргі заманғы апаттық-құтқару және өртке қарсы техникамен қамтамасыз етілген.

Арнайы көліктердің 3-4 минут ішінде аэроалаңның кез-келген нүктесіне жеткізіп, сол уақытта 60 тонналық өрт сөндіру құралдарын алып шығуға мүмкіндігі бар, және олар жүргізуші кабинасынан басқарып отыратын өрт сөндіру сорғыларымен және монитормен жабдықталған. ӨҚжҰАҚҚҚ әскери көліктері көмірқышқылды, сукөбікті және ұнтақты өрт сөндіру амалдарын жүзеге асыра алады.

Қызмет, сондай-ақ, апатты әуе кемелерінде барлық құтқару жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретін арнайы апаттық-құтқару техникасымен жабдықталған. Олар – шынжыр табанды және дөңгелекті тартқыштар, жеке электр генераторлары бар байланыс және жарық беру автокөліктері, сатылар.

Қызметтің апаттан құтқару станциясы қадағалау мұнарасынан тәулік бойы әуе кемелерінің ұшып-қонуына, құстар тобының қозғалысына, әуежай нысандарындағы өрт қауіпсіздігі жағдайына бақылау жасап отыратын аэроалаңның негізгі бақылау нүктесіне жақын орналасқан.

Ұшу алаңынан қозғалуға қабілетсіз әуе кемелерін көшіруді қамтамасыз ету үшін апаттық көшіру жабдығы бар:

•       Буксиров. водило 87164000

•      Шассидің тұмсық және негізгі тіреулеріне арналған сүйрегіш (көшіргіш) арбалар жиынтығы.

•      Төменгі қысымды ауа компрессорымен жабдықталған ауаны реттейтін және тарататын пульті бар пневмоматалы көтергіштер жиынтығы.

•      Арқалығы бар иілгіш фюзеляждық және қанаттық ленталы строптар жиынтығы.

•      Салмақты бақылайтын құрылғысы бар сүйрегіш құралдар жиынтығы.

•      Топырақты нығыздайтын металл-торлы төсемдер жиынтығы

      

Басқы бет | Кері байланыс | Сайт картасы

© 2002-2017 «Халықаралық Алматы әуежайы»АҚ

Қазақстан Республикасы. Барлық құқықтары қорғалған.

Байланыс ақпараты

Баспасөз қызметі:
+7(727)2703391

info@alaport.com

Алматыдағы байланыс
телефонымыз

+7(727)2703333

АТЛАСДЖЕТ УЛУСЛАРАРАСИ KK6756АНТАЛИЯ18°С2017-05-28
03:10

Тіркеу
ЛЮФТГАНЗА LH647ФРАНКФУРТ27°С2017-05-28
04:05

Кесте бойынша
МЕЖД. АВИАЛИНИИ УКРАИНЫ PS538КИЕВ (БОРИСПОЛЬ)15°С2017-05-28
05:00

Кесте бойынша
БЕЛАВИА B2768МИНСК17°С2017-05-28
05:10

Кесте бойынша
Загрузить Adobe Flash Player

Жақын арадағы 4 рейс

ары қарай...